08.01.2024, 17:36 30481

Антикор "ҚазАвтоЖол" филиалы директорының орынбасарына қатысты тергеу басталғанын растады

Антикор "ҚазАвтоЖол" филиалы директорының орынбасарына қатысты тергеу басталғанын растады
Сурет: Depositphotos
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы" АҚ Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасарына қатысты тергеудің басталғаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылдың 6 қаңтарында журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында "ҚазАвтоЖол" жергілікті филиалы басшыларының алғашқы қар жауған кездегі әрекетсіздігіне байланысты Тараздағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, сотқа дейінгі тергеу "Ұрлық" бабы бойынша жүргізілуде. Бұл ретте "ҚазАвтоЖол" қызметкерлері ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Кейін Жамбыл облысында "ҚазАвтоЖол" облыстық бөлімшесі директорының орынбасары Дәурен Тұлтаевтың пара алу кезінде ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.

Сотқа дейінгі тергеудің басталғанын растаймыз", - деп мәлім етті "Антикор" баспасөз қызметі.


Агенттік толығырақ ақпаратты кейін беруге уәде етті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны