15.01.2024, 17:44 30066

Қарағанды облысында мал ұрлығымен айналысқан топ ұсталды

19 бен 21 жас аралығындағы алты жігіт оңай олжа үшін осындай қылмысқа барған
Қарағанды облысында мал ұрлығымен айналысқан топ ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылдың соңында Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының полиция басқармасына екі ауыл тұрғыны жүгініп, сарайларынан 12 қой мен жылқы ұрланғандығын айтқан. Мал иелерінің әрқайсысына 600 мың теңге шығын келтірілген.

Жедел әзірлеменің нәтижесінде полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан топтың ізіне түсті.

19 бен 21 жас аралығындағы алты жігіт оңай олжа үшін осындай қылмысқа барған. Ұрланған түліктің етін сатып, түскен ақшаны өзара бөліскен. Күдіктілердің үйінен тәртіп сақшылары мал терісі мен бір тірі қойды тәркіледі.

Төрт адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта топ мүшелерінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны