29.08.2024, 12:24 24726

Қарағанды облысында қоныс аударушыларға бөлінген қаржының мақсатсыз пайдаланылғаны анықталды

Қарағанды облысында қоныс аударушыларға бөлінген қаржының мақсатсыз пайдаланылғаны анықталды, деп хабарлайды Баспрокуратураның баспасөз қызметінен.

Нұра ауданының прокуратурасы жүргізген тексеру барысында ерікті қоныс аудару бағдарламасы бойынша бөлінген қаржының жұмсалуында заң бұзушылықтар анықтады.

Тұрғын үй сатып алуға арналған қаражат басқа мақсаттарға жұмсалған.

Атап айтқанда, 2023 жылы Астанадан Нұра ауданына көшіп келген азамат О.Көшербай сатып алған үйіне қоныстанбаған. Оны көшіруге 966 000 теңге және тұрғын үй сатып алуына - 4 000 000 теңге бөлінген.

2023 жылдың қараша айында ол 8 300 000 теңгеге пәтер сатып алу-сату шартын бекіткен.

Алайда, тексеру барысында аталған үйде бұрынғы иесі мен оның отбасы тұрып жатқаны анықталды.

Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде Ө.Көшербай мемлекеттік бюджетке 2 000 000 теңгені қайтарды. Қалған сомаға сотқа талап-арыз берілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны