27.11.2023, 20:42 24011

Қарағанды облысында таза қанды араб тұқымды бәйге атын ұрлап, сойып алған күдіктілер ұсталды

Келтірілген шығын 1 миллион 500 мың теңгені құраған
Қарағанды облысында таза қанды араб тұқымды бәйге атын ұрлап, сойып алған күдіктілер ұсталды
Сурет: Polisia.kz
Қарағанды облысында таза қанды араб тұқымды бәйге атын ұрлап, сойып алған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға 30 жастағы аудан тұрғыны арызданып, белгісіз біреулер халықаралық бәйгеге дайындап жүрген тұлпарын ұрлап кеткені туралы хабарлаған.

Келтірілген шығын 1 миллион 500 мың теңгені құраған.

Полиция осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 және 54 жастағы азаматтарды ұстады. Олардың барлығы Шет ауданындағы блок-бекетте қолға түсті. Күдіктілер ұрланған жылқыны сойып, мүшелеп тастағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. ҚР ҚК 188-1 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды", -деп хабарлады Криминалдық полиция басқармасының бастығы Аслан Өскембаев.


Басқарма бастығының айтуынша, жыл басынан бастап, облыс аумағында 644 бас мал ұрланып, оның 547-сі иелеріне қайтарылған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны