Ақтөбеде бұрынғы азаматтық жұбайын кепілге алып, зейнеткер ата-анасын өлтірген жергілікті тұрғынға қатысты үкім шығарылды, деп
хабарлайды Ақтөбе сотының баспасөз қызметінн.
Сот бұрынғы азаматтық жұбайын кепілге алды және қарт ата-анасын өлтірді деп айыпталған 38 жастағы ақтөбелік адамды өмір бойына бас бостандығынан айырды.
2025 жылдың қаңтар айында күдікті бұрынғы араздықты себеп қылып, кек алу ниетімен жәбірленушінің үйіндегі жазғы ас үйіне заңсыз кіріп, оны күтіп отырады.
Күдікті сарайға жәбірленушінің анасын кіргенін көріп, оның қарт жасына қарамастан, кенеттен шабуыл жасап, өмірлік маңызды органдарына бірнеше рет пышақ сұғып, ауыр жарақаттар салған. Салдарынан анасы оқиға орнында қаза тапқан.
Анасының жоқ екенін байқаған жәбірленуші жазғы ас үйіне барады. Сол жерде күдікті оны ұстап алып, қолын, аяғын және аузын жабысқақ таспамен байлап, қарым-қатынасты анықтау сылтауымен пышақпен соққы жасайған.
Кейін сарайға жәбірленушінің өгей әкесі келіп, оған да дереу шабуыл жасап, пышақпен және балтамен жарақаттайды. Салдарынан оқиға орнында көз жұмған.
Полицияны қаза тапқандардың немересі шақырды.
Үш сағаттық келіссөздерден кейін қауіпсіздік қызметкерлері шабуылға шығып, күдіктіні ұстаған.
Тергеу барысында жәбірленуші онымен үйленуден бас тартқаны үшін жанжал басталғаны анықталды.