29.11.2024, 17:42 906
Қарағандыда 50 млн теңгенің темекісі тәркіленді
Достарға айту
Қарағандыда 50 млн теңгенің темекісі тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер темекі өнімдерін сататын дүкендердің бірінен заңсыз темекі өнімдерін сату фактісін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 47 мың қорапқа жуық акцизсіз өнім тәркіленді.
Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 50 миллион 274 мың теңгені құрады.
Полиция қызметкерлері аталған өнімдерді сатумен айналысқан екі адамды анықтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
29.11.2024, 11:09 716
Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды
Достарға айту
Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Көкшетау қаласы прокуратурасының принципиалды ұстанымы нәтижесінде бұрын қалалық полиция тоқтатқан жас қыздың асылып өзін-өзі өлтіруіне қатысты қылмыстық іс қайта жалғасты.
Қылмыстық істің тергелуі облыстық полиция департаментінің тәжірибелі қызметкеріне тапсырылды, ол іс-әрекеттерді үйлестіру және қалалық прокуратураның қадағалауымен болған оқиғалардың шынайы мән-жайын және өз-өзіне қол жұмсау себебін қалпына келтіре алды.
Тергеу нәтижесінде "И" азаматы Красный Яр ауылының тұрғыны жүйелі қорлау, ұрып-соғу және басқа да зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы 7 жыл бойы азаматтық некедегі әйелі "С"-ке физикалық және психикалық азап әкелгені анықталды, бұл - оның өз-өзіне қол жұмсауының қайғылы салдарына әкелді.
И" азаматының әрекеттері ҚК-тің 105-б. 2-б. 1-т. (өзі-өзі өлтіруге дейін жеткізу) 110-б. 2-б. 1-т. (жүйелі қинау) сәйкес сараланды.
ҚК 105-б. 2-б. санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны, ҚК 110-б. 2-б. санкциясымен төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
14.10.2024 жылы "И" азаматына қатысты қылмыстық іс Көкшетау қалалық сотына жіберілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.11.2024, 18:22 7736
Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланған топ анықталды
Достарға айту
Түркістан облысында полицейлер құмды заңсыз өндірумен айналысқан топты анықтады. Олар мемлекетке 437 млн теңге көлемінде шығын келтірген, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер Түркістан облысы Келес ауданы аумағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде заңсыз жер қойнауын пайдаланумен айналысқан адамдар тобының қызметін тоқтатты. Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері пайдалы қазбаларды (қиыршық тасты) өз бетінше сатқан 4 күдіктіні ұстады. Келтірілген залал 437 миллион теңгені құрады.
Тәртіп сақшылары тінту кезінде күдіктілерден 1 экскаватор, 1 жүк тиегіш, 4 жүк көлігі және басқа да заттай дәлелдемелерді тауып, тәркілеп алды. Қазіргі уақытта осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды және болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.11.2024, 17:37 17211
Көкшетау қаласында байланыссыз тәсілмен есірткі сатумен айналысқан азамат қолға түсті
Достарға айту
Көкшетау қаласында байланыссыз тәсілмен есірткі сатумен айналысқан азамат қолға түсті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Тінту барысында оның пәтерінен электронды таразы, арнайы жабдықтар және жалпы салмағы 1,5 келіге жететін мефедрон мен "аlfa-PVP" синтетикалық есірткісі тәркіленді. Қылмыстық әрекеттің дәлелдерін тереңдете зерттеу үшін күдіктінің телефоны тексеріліп, есірткі жасырылған орындардың нақты координаттары анықталды.
Соның нәтижесінде 4500 доза есірткі айналымға түспей, дер кезінде тосқауыл қойылды.
Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті бұған дейін отандық сериалдарға түскен. Ол өз кінәсін толық мойындап, қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.11.2024, 13:09 17526
Ақмола облысында су тасқынына қарсы шараларға бөлінген 300 млн теңге ұрланған
қаражаттар 2021 жылы Үкімет резервінен Атбасар ауданында су тасқыны аймағында тұратын 200 жанұяны көшіру үшін екі 100 пәтерлі үйлерді салуға бөлінген
Достарға айту
Су тасқынына қарсы шараларға бөлінген қаражатты ұрлаған қарақшылар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Ақмола облысының арнайы прокурорларымен 300 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін Атбасар ауданының әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімі, "Престиж Строй 7" және "Фундаменталь" ЖШС-нің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.
Аталған қаражаттар 2021 жылы Үкімет резервінен Атбасар ауданында су тасқыны аймағында тұратын 200 жанұяны көшіру үшін екі 100 пәтерлі үйлерді салуға бөлінген.
Күдіктілер әрекеттері аса ірі көлемде жымқыру - талан-таражға салу, яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189 бабы 4 бөлігі бойынша сараланды.
Көрсетілген бап бойынша мүлкін тәркілеумен қоса 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Екі күдікті сот санкциясымен күзетпен ұстауға, қылмысқа үшінші серіктес үйқамаққа алынды.
Тергеу барысында қылмыстық жолмен алынған мүлік - Алматы, Астана қалаларында коммерциялық жылжымайтын мүлік, арнайы техника, құрылыс құрылғылар және банктық шоттарда 50 млн теңгеден астам ақшалай қаражат табылды. Тиым салынған мүліктің бағаланған құндылығы 335 млн. теңгеден асты.
Прокурорлармен, аталған мүліктің бір бөлігі жалға беріліп, қылмыстық пайда түсірілгені анықталды.
Сол себепті, бір күдіктінің әрекеті қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату), яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 218 бабы 3 бөлігі бойынша қосымша сараланды. Бұл үшін мүлкін тәркілеумен қоса 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Қазіргі уақытта, қылмыстық процесске қатысушылармен қылмыстық іс материалдарымен танысу жүріп жатыр.
Соңғы нүктені іс бойынша сот қоятын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.11.2024, 13:04 17771
Қарағандыда режим жөніндегі бөлімнің қызметкері сотталған адамды азаптағаны үшін сотталды
Достарға айту
Қарағандыда режим жөніндегі бөлімнің қызметкері сотталған адамды азаптағаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің режим жөніндегі бөлімі бастығының орынбасарына сотталған адамды азаптағаны үшін үкім шығарды.
Қызметкер Қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған үш жыл бойы мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға тыйым салынды.
Сотталған"әділет майоры" арнайы шенінен айырылды және одан Жәбірленушілердің өтемақы қорына тиісті төлемдер өндіріледі.
Сотқа дейінгі тергеуді облыс прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.11.2024, 18:17 30281
Алматы облысында көппәтерлі кешен бұзылады
Достарға айту
Өткен айда Алматы облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы (ГАСК) инспекторлары ауқымды тексерістер жүргізіп, құрылыс нормалары мен ережелерін бұзудың жүздеген фактісін анықтады. Тексерістердің қорытындысы бойынша 78 әкімшілік материал әзірленді. Олардың 28-і облыстық соттарға жолданды, ал қылмыстық іс қозғалмаған құқықбұзушыларға жалпы сомасы 14 644 140 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Алматы облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Тексерістер барысында 23 заңсыз құрылыс нысаны анықталды. Олардың материалдары да сотқа жолданды. Заңсыз салынған құрылыстар, оның ішінде Талғар ауданындағы көпқабатты тұрғын үй кешені, бұзылуға жатады. Қазіргі уақытта 4 сабан үй бұзылды, ал 7 нысанға бұзу туралы талап-арыздар жолданды.
Қонаев қаласындағы оқу корпусы, "Eco-Park Alatau" ТК-ның кәріз жүйелері және Райымбек ауданындағы су бөгеттері құрылысы барысында көптеген бұзушылықтар анықталды. Жауапқа тартылған мердігерлер мен техникалық қадағалау ұйымдарына қатысты шаралар қабылданды. 61 құрылыс компаниясы жауапқа тартылды, оның екіуі - ТОО "Sheberbuild" және ТОО "Жаңарту" - сот шешімімен лицензиясынан айрылған.
Алматы облысындағы құрылыс саласын тәртіпке келтіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біздің тексерістеріміз тек рәсім ғана емес, қауіпсіздік пен заңдылықты қамтамасыз ету үшін күрес, - деді Алматы облысы сәулет-құрылыс бақылау (ГАСК) басшысының міндетін атқарушы Өзенбаев Ғабиден. - Құрылыс нормаларын бұзушылар заң арқылы қатал жазаланатын болады. Біз облыс бойынша, әрбір құрылыс нысаны барлық талаптар мен стандарттарға сай болғанша алған беттен қайтпай тексеруді жалғастыра береміз!"
Алматы облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы (ГАСК) облыстағы құрылыс нормалары мен ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету жұмысын жалғастыра береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.11.2024, 18:09 30456
Шымкентте колледж студенті соққыға жығылды
Достарға айту
Шымкентте колледж студентінің миы шайқалып, балалар ауруханасында жатыр, деп хабарлайды ktk.kz.
Белгілі болғандай, директордың орынбасары ұлдарды жертөлеге кіргізіп алып, сағаттап ұрған. Ал оған себеп - студенттердің мұғалім туралы әлеуметтік желідегі әзілі. "Парасат" колледжі директорының тәрбие жөніндегі орынбасары үлкен курс студенттері мен дене шынықтыру мұғалімдерін жинап, солардың көзінше сабады дейді тәлімгерлер. Дегенмен педагогтің өзі мұны жоққа шығарып отыр.
Соққыға жығылған студенттердің бірі - Константин Зорин директордың орынбасарының "ТикТок парақшасындағы бір әңгімеге күлгеніміз үшін таяқ жедік" деп отыр.
Қазыбек Ержанов мұның бәрін жоққа шығарды. Тіпті соққыға жығылған қос студентті "бүкіл колледж бұзақы ретінде таниды" дейді директордың орынбасары. Былтыр полиция шақыруға тура келген екен. "Мүмкін соны кешіре алмай, жала жауып жатыр" деп ақталды.
Соққыға жығылған студенттердің ата-анасы ұлдарын оқу орнынан шығарып алды. Полицияға арыз жазып, прокуратура істі бақылауына алса деген өтініші бар. Ал таяқ жеген жігіттердің "жас болса да, тым қу" деген колледж басшылығы жала жабу дерегімен "біз де арызданамыз" деп бекініп отыр, деп хабарлайды ktk.kz.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.11.2024, 09:06 32971
Еліміздің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 10 радикалды діни идеология жақтасының әрекетінің жолы кесілді
Достарға айту
Осы жылғы 22 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен бірлесе, Алматы облысы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы, Қостанай және Жетісу облыстарының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 10 радикалды діни идеология жақтасының әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.
Алдын ала мәліметке сәйкес, фигуранттардың бірі қамау жағдайында террорлық акт жасауға дайындалған, ал қалғандары терроризмді насихаттауға қатысып, террорлық әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды өз қатарларына тартумен айналысқан.
Жаза өтеу орындарында жүргізілген тінтулер барысында суық қару, смартфондар және басқа да заттай дәлелдер алынды.
Біреуінің экстремизм үшін соттылығы бар. Қалғандары кісі өлтіру, тонау және ұрлық үшін жазаларын өтеген.
Сондай-ақ, Алматы қаласында пробациялық бақылауда тұрған олардың байланысы ұсталды.
Көрсетілген адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 255, 256 және 259-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
29.11.2024, 17:47Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады 29.11.2024, 11:59 2066Ұялы байланыс абоненттерінің саны артты29.11.2024, 13:22 1711Қазақстанда 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру басталды29.11.2024, 17:42 1001Қарағандыда 50 млн теңгенің темекісі тәркіленді29.11.2024, 11:09 811Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды
22.11.2024, 14:04 133536Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда22.11.2024, 14:08 133306Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда22.11.2024, 14:00 108201Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында "KAZ" және "KZ" жаңа индекстері бекітілді22.11.2024, 11:55 99446Атырау облысында жұмысшы жастар слеті өтті22.11.2024, 12:03 99401Алматыда экологиялық талаптарды бұзғаны үшін ірі құрылыс нысаны айыппұл салынды
22.11.2024, 14:04 133536Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда22.11.2024, 14:08 133306Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда08.11.2024, 13:42 116136Елімізде тағы бір республикалық маңызы бар жол ауқымды жөндеу жұмыстарымен қамтылады01.11.2024, 16:38 114381Бектенов: Бизнеспен сындарлы диалог - инвестициялық саясаттың басым бағыттарының бірі01.11.2024, 16:30 108546Астанада Орнықты даму мақсаттарының іске асырылуы талқыланды