28.04.2025, 14:05 54711
Қаржылық мониторинг агенттігі Абай облысы бойынша департаменті екі кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі аяқтады
Қаржылық мониторинг агенттігі Абай облысы бойынша департаменті екі кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Олар 2023 жылдың қыркүйегі мен 2024 жылдың қазаны аралығында Семей қаласы аумағында лицензиясыз құм өндіріп, оны сатқан.
Нәтижесінде күдіктілер заңсыз түрде 68 мың тоннадан астам құм өндіріп, мемлекетке 272 миллион теңге көлемінде залал келтірген.
Кейіннен құрылыс материалдарын өндіруші зауыттарға құмды өткізу жалған сәйкестік сертификаттарын пайдалана отырып, жеке кәсіпкерлер арқылы жүзеге асырылған.
Оны сатудан түскен қылмыстық табыс 150 миллион теңгеден асты.
Күдіктілер осы қаражаттың бір бөлігін фронтальды тиегіш сатып алуға жұмсап, қосымша 6,2 миллион теңге мөлшерінде табыс тапқан.
Соттың санкциясымен күдіктілердің 181 миллион теңгеден астам сомаға бағаланған мүлкіне тәркілеу мақсатында тыйым салынды.
Мүліктердің қатарында 11 автокөлік, 2 пәтер, жер учаскесі және 17 миллион теңге көлеміндегі дебиторлық қарыз бар.
Іс айыптау актісін бекіту үшін прокурорға жолданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
05.06.2025, 18:27 27576
Астанада ББҚ сату бойынша алаяқтықпен айналысқан Call-орталық ұйымдастырушылары ұсталды
Астанада ББҚ сату бойынша алаяқтықпен айналысқан Call-орталық ұйымдастырушылары ұсталды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен құқық қорғау органдары "қара зере майы" атты биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) сату және "автокөлік ұтысы" туралы жалған ақпарат тарату арқылы азаматтарға жаппай қоңырау шалумен айналысқан заңсыз Call-орталықтың қызметі тоқтатылды.
Алаяқтар Instagram және TikTok платформаларының пайдаланушыларының клиенттік базасын қолданып, қоңыраулар шалған.
Операторлар азаматтарды автокөлік ұтып алғандары жөнінде жалған ақпаратпен алдап, олардан тіркеу мен кедендік төлемдерді төлеу сылтауымен 150 мыңнан 300 мың теңгеге дейін ақша талап еткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында барлығы 14 адамның қылмысқа қатысы бары анықталды, олар-директор, заңгер, сату бөлімінің басшысы мен операторлар. Тінту барысында 32 ноутбук пен 10 ұялы телефон тәркіленді.
Қылмыстық схеманың екі ұйымдастырушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жалпы келтірілген залал 3,5 миллион теңгені құрады.
Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.
Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды әлеуметтік желілердегі күмәнді ұтыстарға сенбеуге шақырады.
Бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену алаяқтық ретінде танылады және бұл әрекет үшін он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске саламыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2025, 18:23 27801
Qarmet экс-қызметкерлері 1 млрд теңге көлемінде қаражат жымқырған
ІІМ 1 млрд теңгенің ұрлығын әшкереледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция қызметкерлері "Qarmet" компаниясының және басқа да ұйымдардың бұрынғы қызметкерлерін ұстады.
Олар бір миллиард теңгеге жуық ақша ұрлаған. Қылмыстық схема бойынша аталған топ алдын ала келісіп, компанияның өндірістік қалдықтарын Теміртау қаласы жанында қайта өндеусіз қалдырған.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша 14 адам ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2025, 09:33 32126
Шетелге стратегиялық маңызды шикізатты заңсыз әкету әрекеттері тоқтатылды
Шетелге стратегиялық маңызды шикізатты заңсыз әкету әрекеттері тоқтатылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс мәлімдеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру аясында Ішкі істер министрлігі қара және түсті металл сынықтарын ел аумағынан заңсыз шығару арналарының жолын кесу бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.
Осылайша, Жетісу облысында полиция департаментінің жедел қызметкерлері экономикалық тергеу департаменті және кеден қызметімен бірлесіп, стратегиялық маңызды шикізат - қорғасынның ірі партиясын заңсыз әкетуге жол бермеді. 60 тоннадан астам қорғасын тиелген екі жүк көлігі тоқтатылды, оның нарықтық құны 60 миллион теңгеден асады. Жүк заңсыз экспортқа жіберілмек болған.
Қылмыстық схеманы ұйымдастырған барлық тұлғаны анықтап, ұстау бойынша жедел іс-шаралар жүргізілуде.
Бұған дейін осындай фактілер еліміздің басқа өңірлерінде де анықталған болатын:
Солтүстік Қазақстан облысында "жоғары легирленген болат" түрінде қара металл сынықтарын шетелге шығарып жіберуге тырысқан ЖШС-нің заңсыз әрекеті тоқтатылды. Шамамен 1 мың тонна металл сынығы, соның ішінде көршілес мемлекетке жөнелтуге дайын 7 вагон табылды.
Маңғыстау облысында Каспий маңы елдерінің біріне металл сынығын теңіз арқылы жөнелту арнасы анықталды. ЖШС аумағынан 400 тоннадан астам қара металл сынығы табылып, оның ішінде екі контейнер экспортқа дайындалып қойылған. Аталған барлық фактілер бойынша кінәлі тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.06.2025, 18:13 40036
Қазақстаннан Германия мен Нидерландыға металл сынықтары заңсыз тасымалдаған топ құрықталды
Көлік прокуратурасы органдары Нидерланды мен Германияға қара және түсті металл сынықтарын заңсыз экспорттау фактілерін анықтады, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.
Анықталғандай, Астана қаласындағы Кедендік ресімдеу орталығында (КРО) пайдаланылған құбырларды экспорттауға арналған кедендік декларациялар ТН СЭҚ кодын бұрмалау арқылы ресімделген. Бұл факт кеден сарапшыларының қорытындысымен расталды. Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрінің 2023 жылғы 18 қазандағы №34 бұйрығына сәйкес, мұндай бұйымдарды экспорттауға тыйым салынған.
Құқық бұзушылыққа жол берген екі заңды тұлғаға қатысты прокурорлық ден қою шаралары қабылданды. Олар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 545-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бірінші сатыдағы сот оларды кінәлі деп танып, 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салды.
Сот актілері заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.06.2025, 14:18 44786
Қостанайда 16 жастағы есірткі тасымалдаушы бас бостандығынан айырылды
Қостанайда кәмелетке толмаған есірткі курьері бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен жылдың күзінде 25 синтетикалық есірткі дозасын алып жүрген жерінен ұсталған 16 жастағы колледж студентіне қатысты айыптау үкімі шығарылды.
Жасөспірім есірткі қылмыстық желісінің қызметіне қатысып, "таратушы" деп аталатын рөл атқарған. Сот оны кінәлі деп танып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енді.
Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, жастар арасындағы есірткі қаупімен күрес - құқық қорғау органдары жұмысының басты бағыттарының бірі. Бұл бағыттағы жұмыс педагогтармен, медицина қызметкерлерімен, еріктілермен және белсенді азаматтармен тығыз байланыста жүргізіледі.
Жасөспірімдердің есірткі саудасына тартылуын алдын алу және оны ерте анықтау мәселесіне ерекше назар аударылады. Осы жылдың басынан бері өңір аумағында 400-ден астам есірткіге қарсы іс-шара ұйымдастырылып, оларға 5 мыңнан астам жасөспірім қатысқан.
Полицияның жүйелі жұмысының нәтижесінде шамамен 2,5 келі синтетикалық есірткі - бұл 5 мың бір реттік доза - заңсыз айналымға түспей, тәркіленді.
Полиция ата-аналарды, мұғалімдерді және барлық бейжай қарамайтын азаматты жасөспірімдердің мінез-құлқына мұқият болуға, күдік туындаған жағдайда көмек сұрауға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.06.2025, 14:02 45706
Мүлікті сату кезінде салық төлемеу фактісі бойынша Маңғыстау облысында қылмыстық іс қозғалды
Мүлікті сату кезінде салық төлемеу фактісі бойынша Маңғыстау облысында қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Маңғыстау облысының прокуратурасымен салық заңнамасының сақталуына талдау жүргізілді. Мүліктік табыстан 218 миллион теңге көлемінде салық төлеуден жалтару фактісі анықталды.
Салық кодекстің 330-бабына сәйкес, жеке тұлғаның салық салынатын мүліктік кірісіне Қазақстан Республикасындағы мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс жатады.
Алайда заң талаптары мен салық органы жолдаған хабарламаларға қарамастан, салық төлеуші салықтық тексеру нәтижесінде есептелген соманы төлеу жөніндегі міндеттемесін орындамаған.
Аталған факті бойынша облыс прокуратурасымен Қылмыстық кодекстің 244-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергелуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.06.2025, 13:23 46241
Алматыда жаңа туған сәбиді сату әрекеті тоқтатылды
Алматы қаласы бойынша ҰҚКД және қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бар деректерге сәйкес, бұл қылмыстық тізбек соңғы бірнеше жыл бойы әлеуметтік желілер арқылы ұйымдастырылып келген.
Қаскөйлердің негізгі мақсаты - әлеуметтік жағынан осал топтағы әйелдерден, соның ішінде шетел азаматтарынан туған сәбилерді сатып алуға ниетті адамдарға заңсыз жолмен беруді ұйымдастыру болған.
Жедел іс-шаралар барысында жаңа туған ұл баланы қомақты ақшаға сату әрекеті құжатталған.
Ақша беру кезінде күдіктілер қылмыс үстінде ұсталды.
Сәби мемлекет қамқорлығына беріліп, тиісті мекемеге орналастырылды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде, сондай-ақ елдің басқа өңірлерінде осыған ұқсас эпизодтардың болуы мүмкіндігі тексерілуде.
Бұл - бір реттік әрекет емес. Мұнда тұрақты, тіпті өңіраралық байланыстары бар тізбектің бар болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Барлық қатысы бар адамды анықтау жұмыстары жалғасуда. Балаларға, әсіресе жаңа туған сәбилерге қатысты заңсыз әрекеттер - бұл ерекше қатыгез және ауыр қылмыс. Мұндай әрбір дерек заң аясында әділ бағасын алады", - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Куатбек Науатов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.06.2025, 10:38 46011
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде бизнесті басып алумен айналысқан ҚҰТ мүшелері ұсталды
Алматы қаласында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмыстық топқа қатысы бар жеке күзет мекемесінің заңсыз әрекетін әшкерелеп, жолын кесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Тергеу барысында қылмыстық элементтердің шағын және орта бизнес нысандарын толық бақылауға алу мақсатында ойын-сауық орындарының басшылары мен қызметкерлеріне физикалық және моральдық қысым көрсетіп, заңсыз әрекеттер жасағаны анықталды. Кейіннен олар кәсіпкерлік нысандарын күшпен басып алып, сол жерлерде "қауіпсіздік" қызметін жүзеге асырған. Қылмыстық топ мүшелері Алматы қаласында, Жетісу, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл және Алматы облыстарында ұсталды. Барлығы қылмыстық топтың 20 мүшесі құрықталды. 40-тан астам тінту жүргізіліп, жеті атыс қаруы тәркіленді, оның ішінде үш кесілген мылтық, Макаров тапаншасы, Калашников автоматы және 100-ден астам оқ-дәрі алынды, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Бұзақылық, бопсалау, адам ұрлау, өз бетінше билік жүргізу және денсаулыққа зиян келтіру фактілері бойынша қылмыстық істер тергелуде.
Топтың жетекшісі мен қатысушыларына қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және қатысу деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Фигуранттардың басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Ішкі істер министрлігі атап өтеді: бизнеске қысым көрсету және оған қылмыстық араласу әрекеттерінің барлық фактілері мемлекет бақылауында.
Кез келген заңсыз әрекет заң шеңберінде қатаң түрде тоқтатылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
03.06.2025, 14:47Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды 03.06.2025, 14:29 82111Адал кәсіп автоматты түрде Отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізіліміне енгізіледі04.06.2025, 09:32 67901Қазақстанға Чехия мен Венгриядан Пржевальский жылқылары келді03.06.2025, 14:34 67696Zhetysu жаңа контейнерлік терминалы алғашқы контейнерлік пойызды қабылдайды03.06.2025, 14:41 67461Қазақстанда "крипто-карталар" жобасы және цифрлық активтер саласындағы пилоттық жобаларды жүзеге асыруды бастады
23.05.2025, 13:56 122611Таразда 4000-нан астам бала спортпен шұғылдану мүмкіндігінен заңсыз айырылған23.05.2025, 18:22 121146Алматыда мәслихат депутаттары қала әкімін тағайындау үшін шақырылады23.05.2025, 16:29 119551Қазақстанда жыл басынан бері 40-тан астам адам терроризмге қатысқаны үшін сотталды - ҰҚК23.05.2025, 15:49 118601Алматы қаласының 2025 жылғы 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары23.05.2025, 15:26 116711Қазақстанда жыл басынан бері балалардың құқықтарын бұзудың 171 жағдайы анықталды