03.10.2024, 17:37 51946

Астанада 280 жүк көлігінің жүргізушісі салмақ нормасын бұзған

Астанада 280 жүк көлігінің жүргізушісі салмақ нормасын бұзған
Астанада 280 жүк көлігінің жүргізушісі салмақ нормасын бұзған, деп хабарлайды Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.

Елордада көліктік бақылау күшейтілді. Астанаға кіретін барлық жүк көліктері автоматты түрде өлшеуден өтеді.

Өткен айдан бастап елорданың негізгі кіреберістерінде жол сапасын қамтамасыз ету мақсатында ауыр жүк көліктерінің салмағын өлшейтін автоматтандырылған жүйелер іске қосылды. Осылайша, қыркүйектің ортасынан бүгінге дейін 280 жүк көлігінің жүргізушісі салмақ нормасын бұзған. Айыппұлдың жалпы сомасы 100 миллион теңгеден асты. Жүк тасымалдайтын компанияларға хаттама жіберілді.

Инертті жүкті тасымалдайтын әрбір үшінші самосвал жүргізушісі рұқсат етілген норманы сақтамай, нормадан тыс жүк тасымалдауда. Ауыр жүк көліктеріне тиелген жүк нормадан 2-3 есе асып түседі. Рұқсат етілген норма 25 тонна болса, іс жүзінде 40-60 тонна тасымалданады. Біз жүк көлігі жүргізушілерін және барлық тасымалдаушыларды рұқсат етілген салмақ нормаларын қатаң сақтауға шақырамыз. Негізгі міндет - жолдардың мерзімінен бұрын тозуын болдырмау", - деп атап өтті ҚР Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің қызметкерлері.


Осылайша, көлік құралдарының рұқсат етілген массасы төменде келтірілген нормадан (тоннамен) аспауы тиіс:

-үш осьті (М3 санатындағы буынды автобустарды қоспағанда) - 25 тонна;

- төрт осьті, оның ішінде екі басқарылатын осі бар - 32 тонна;

- бес осьті - 38 тонна;

- алты немесе одан да көп осьтері бар - 44 тонна.

Айыппұлдардың мөлшері оське шаққандағы салмақтың арту дәрежесіне байланысты және кәсіпкерлік түріне байланысты - шағын, орта немесе ірі - 40 АЕК-тен (147 мың 680 теңге) 1000 АЕК-ке (3 млн 692 мың теңге) дейін құрайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны