18.09.2024, 12:12 17346

Астанада бес адам қайтыс болған жатақханадағы өртке қатысты сот үкімі шықты

Астанада бес адам қайтыс болған жатақханадағы өртке қатысты сот үкімі шықты
Астанада бес адам қайтыс болған жатақханадағы өртке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Астана қаласында барак типіндегі екі қабатты жатақхананың бірінші қабатында өрт болып, салдарынан 3 кәмелетке толмаған бала мен 2 ересек адам қайтыс болды. Жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша жәбірленушілердің өлімі көміртегі тотығымен уланудан болғандығы анықталды.

ҚР ТЖМ Анықтау басқармасының ведомстволық бақылауымен Астана қаласы ТЖД анықтаушылары тергеу жүргізді.

Анықталған мәліметтерге сәйкес жатақханадағы бөлмелер жалдау шарттары мен басқа құжаттарды жасамастан жалға берілген. Жатақхана иесі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды елемеген.

Осы қылмысты тергеуді жүзеге асырған анықтаушылар дәлелдемелік базаны бекіту және кейіннен материалды сотқа жіберу үшін тергеу әрекеттерінің толық кешенін жүргізді.

Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қылмыстық істі қарау нәтижесінде сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігімен көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып 5 жылға бас бостандығынан айыру, коммерциялық және басқа да мекемелерде өрт қауіпсізді талаптарын сақтау бойынша басқару функцияларын атқаруға 3 жылға тыйым салу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны