20.09.2024, 13:01 18126

Астанада есірткі зертханасын ұйымдастырушылар сотталды

Астанада есірткі зертханасын ұйымдастырушылар сотталды
Астанада есірткі зертханасын ұйымдастырушылар сотталды, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасынан.

Елорда прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті орган есірткі зертханасын анықтады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша үш адам сотқа берілді.

Сот тергеуі барысында сотталушының темір контейнерді жалға алғаны анықталды. Осыдан кейін ол қала сыртында құны 2 млн теңге жер телімін сатып алып, аталған контейнерді психотроптық заттарды шығаратын зертхана ретінде жабдықтап, орналастырған.

Кінәлі тұлға қылмыстық әрекетке екі сыбайласын тартқан.

Тергеу барысында астыртын зертханадан алынған 24 кг астам психотроптық заттар жойылды.

Нәтижесінде сот елорданың үш тұрғынын аса ірі көлемде психотроптық заттардың аналогын сату мақсатында заңсыз дайындағаны және сақтағаны үшін кінәлі деп танып, 10 жылдан 11 жыл 3 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Үкім заңды күшіне енді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны