08.01.2024, 10:43 17866

Астанада жосықсыз құрылыс салушыларға қатысты жеті қылмыстық іс тергелуде

Қылмыстық істердің тергеу барысы бақылауда
Астанада жосықсыз құрылыс салушыларға қатысты жеті қылмыстық іс тергелуде
Қылмыстық қудалау органы 10 көп пәтерлі тұрғын үй кешендері бойынша жосықсыз құрылыс салушыларға қатысты 7 қылмыстық істер тергеуде, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Қылмыстық істердің тергеу барысы бақылауда.

Тергеу органы іске қатысы бар барлық адамдарды және олардың мүлкін анықтауға бағытталған.

7 адамға, соның ішінде құрылыс компаниялардың 3 басшысына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарының көмегімен іс бойынша негізгі фигуранттардың бірі Мәскеу қаласының аумағында ұсталды.

Ол 5 млрд теңгеден асатын залал келтіргені үшін күдіктелуде.

Бүгінгі таңда Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Конвенция негізінде күдіктіні ұстап беру туралы өтінішті қанағаттандырды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны