20.12.2023, 11:15 30996

Атырау облысында екі ірі мұнай компаниясына қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұл салынды

"Karabatan Utility Solutions" ЖШС және "Теңізшевройл" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Атырау облысының прокуратурасы табиғатты пайдалану субъектілерінің экологиялық заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды Атырау облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

​Талдау шеңберінде парниктік газдар квотасынан асып кету, эмиссияны экологиялық рұқсатсыз жүзеге асыру, сондай-ақ рұқсат етілген шығарындылар нормаларынан асып кету және жердің ластану фактілері анықталды.

​Енгізілген прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижеcімен "Karabatan Utility Solutions" ЖШС және "Теңізшевройл" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

​Осылайша, прокуратура уақтылы қабылдаған шаралармен жоғарыда аталған компанияларды сот кінәлі деп таныды, өндіріп алынған айыппұл мөлшері 10,7 млрд теңгені құрады.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны