19.12.2023, 17:32 29141

Атырау облысында компания қазақстандықтардың денсаулығына зиян келтіргені үшін 37 млрд теңге төлейді

Қауіпті қалдықтар айналымы саласындағы заңдылықтың сақталуына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша экологиялық рұқсатсыз "Oxygenator" ЖШС (бұдан әрі-Серіктестік) "Сағыз" полигонында 13 108 тонна мұнай қалдықтарын жинақтау арқылы Доссор қалалық үлгідегі кентте тұратын 20 мыңнан астам азаматтың денсаулығына тікелей әсер ететін өрескел факт анықталды, деп хабарлайды Атырау облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Бұдан басқа, полигон аумағында мұнай шламдарын қайта өңдеу бойынша тиісті жабдық болмағанына қарамастан, Серіктестік 2022-2023 ж.ж. кезеңінде мұнай компанияларына қызмет көрсетуді жалғастырған.

Осыған байланысты, Атырау облысының прокуратурасы уәкілетті органға тексеру жүргізу тапсырып, оның нәтижелері бойынша Серіктестікке ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабының 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасақталды (қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу).

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 01.11.2023 жылғы қаулысымен Серіктестікке 37,4 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды (қаулы заңды күшіне енді).

Өз кезегінде прокуратура меншік нысанына қарамастан мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге нұқсан келтіргені үшін жауапкершіліктің міндетті түрде болатыны туралы ескертеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны