30.09.2024, 17:38 1926

Атырауда есірткі таратумен айналысқан екі күдікті қылмыс үстінде ұсталды

Атырауда есірткі таратумен айналысқан екі күдікті қылмыс үстінде ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Кинология орталығы қызметкерлерімен бірлесіп "Қарасора"жедел іздестіру іс-шаралары барысында есірткі заттарын таратқан 38 жастағы ер адамды және 28 жастағы әйелді ұстады. Жеке тінту кезінде зип-пакетке салынған синтетикалық есірткінің 81 орамы тәркіленді.

Сондай-ақ, жалға алынған пәтерлері мен қала көшелерінен күдіктілер жасырған 100 граммға жуық синтетикалық есірткілер анықталып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты қылмыстық іс-тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны