14.10.2024, 16:35 22881

Атырауда тұрғынның көлігінен 70 келі бекіре балығы тәркіленді

Атырауда тұрғынның көлігінен 70 келі бекіре балығы тәркіленді
Атырауда тұрғынның көлігінен 70 келі бекіре балығы тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен бірге "Бекіре - 2024" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде қала аумағында күдік тудырған Toyota Camry автокөлігін тоқтатты.

Тексеру барысында автокөлік салонынан 5 полиэтиленді пакетке салынған салмағы 70 келі болатын 23 бекіре тұқымдас балық өнімі тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Айта кетейік, "Бекіре - 2024" іс-шарасы басталғалы азаматтардан 900 келіге жуық заңсыз ауланған балық өнімі тәркіленді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны