24.11.2023, 18:49 39866

Ауыр қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей азаматын ұсталды

Астанада полицейлер Кемеров облысының аумағында ауыр қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей азаматын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 жастағы әйел Астана қаласының қабылдап-тарату орнына белгілі бір тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адам ретінде жеткізілген.

Кемеров облысының 30 жастағы тұрғыны 2023 жылдың наурыз айында соттан жасырынып, Қазақстан Республикасына келгені анықталды. Елордада әйелдің тұрақты тұрғылықты жері болмаған, кездейсоқ табыстармен күн көріп, жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтып алған. Ұсталған адамға Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 158-бабының 3-бөлігіне сәйкес тұрғын үйге заңсыз кірумен жасалған ұрлық айыбы тағылған. Қазіргі уақытта айыпталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды", делінген полиция хабарламасында.


Минск Конвенциясына сәйкес күдіктіні Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатқаны да нақтыланады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны