04.04.2025, 13:14 56686
Қазақстандықтарды алдап келген алаяқтардың call-орталығы жойылды
Астанада полиция қызметкерлері қазақстандықтарды алдап келген алаяқтардың call-орталығын жойды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласында интернет-алаяқтардың жалған нөмірлерден қоңырау шалып, қазақстандықтарды алдап келген call-орталығы жойылды. Киберқылмыспен күрес басқармасы жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде автокөлік пен жылжымайтын мүлік ұтысын пайдаланып, азаматтарды алдаған бес адамнан тұратын топ ұсталды. Қылмыстық әрекет жасаған күдіктілер интернет-дүкендердің бірінен 2000-нан астам қазақстандықтың жеке деректерін қамтитын клиенттік базаны сатып алған.
Алаяқтар жұмыс кеңсесін қаладағы бизнес-орталықтардың бірінен жалға алып, жас азаматтарды жұмысқа тартып, оларды абоненттерге тізім бойынша қоңырау шалуға міндеттеген. Әңгіме барысында қоңырау шалушы адам көлік немесе пәтер ұтып алғанын хабарлап, "сыйлықты алу үшін" салық төлеу қажет екенін айтып, 180 мыңнан 1 млн теңгеге дейін ақша аударуды сұраған.
Офиске тінту жүргізу барысында 7 ноутбук, SIP-телефон арқылы қоңырау шалуға және операторлардың дауысын өзгертуге мүмкіндік беретін бағдарламалар, құлаққаптар мен микрофондар және Wi-Fi роутерлер тәркіленді. Қазіргі уақытта 10 жәбірленуші анықталды, келтірілген жалпы шығын 7 млн теңгеге жуық.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қызметкерлері алаяқтық топтың басқа да құрбандарын анықтау жұмыстарын жалғастыруда.
Астана қаласының полиция департаменті белгісіз адамдардан "жүлде ұтқаныңыз" туралы қоңыраулар түскен жағдайда сақ болуға, ақпаратты ресми интернет-ресурстардан тексеруге және қызмет не тауардың бар екеніне көз жеткізбей ешқандай алдын ала төлем жасамауға кеңес береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
30.05.2025, 17:26 11666
Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды
Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Ресейден аса ірі мөлшерде бірнеше мәрте алаяқтық жасады деген күдікті тағы бір азамат экстрадицияланды.
Ол 2022-2023 жылдары Ақтау қаласында кәсіпкерлікке инвестиция саламын деп таныстарынан ірі көлемде ақша қаражатын алып, жоғары пайда уәде еткен. Алайда уәделерін орындамай, алынған қаражатты өз қажетіне жаратқан.
Күдіктінің қылмыстық әрекеттерінің салдарынан 6 қазақстандық азаматқа жалпы сомасы 63 миллион теңгеден астам залал келген.
Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланған.
Өткен жылдың қарашасында күдікті Екатеринбург қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері Қазақстанға алаяқтық үшін Ресейден 5 адам, Германия, Польша, Сербия, Сауд Арабиясы, Қырғызстан және Беларусьтен 1 адамнан, барлығы 11 адам экстрадицияланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.05.2025, 10:22 18116
Қызылорда облысында "HRT" атауымен белгілі қаржы пирамиданың қызметі тоқтатылды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті "HRT" атауымен белгілі қаржы пирамиданың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Ұйымдастырушылар азаматтарға заңды инвестициялық жоба ретінде ұсынылған схеманы жарнамалап, оған электросамокаттарды сатып алу және оларды Еуропа елдерінде жалға беру арқылы пайда табуға болады деп сендірген.
Жобаға қатысу үшін қатысушылардан арнайы "HRT" шотына криптовалюта аудару талап етілген.
Негізгі шарт - кем дегенде екі жаңа салымшы тарту болатын.
200-ден астам азамат жобаға 50 АҚШ долларынан 35 мың АҚШ долларына дейінгі қаражаттарын салып, ай сайын 1 200 АҚШ долларына дейін сыйақы алып отырамыз деп үміттенген.
Заңсыз алынған кірістің жалпы сомасы 28 млн теңгеден асты.
Тергеу барысында күдіктілер салымшылардың ақшасына екі автокөлік - "BMW 530I Xdrive" және "Changan Alsvin" сатып алғаны анықталды. Аталған көліктерге сот санкциясымен тыйым салынды.
Күдіктілерге қатысты үйқамақ ретіндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Сонымен қатар қазіргі уақытта "HRT" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін еліміздің жеті өңірінде - Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында құру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.05.2025, 18:10 25586
Ұлттық Банк алаяқтықтың жаңа схемалары туралы ескертеді
Қазақстан Ұлттық Банкі алаяқтардың дербес деректерге қол жеткiзуге немесе банк шоттарынан ақша қаражатын ұрлауға бағытталған жаңа схемалары туралы ескертеді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Ұлттық Банкі онлайн ойындар арқылы банк карталарының деректерін ұрлау жағдайлары жиілеп кеткенін хабарлайды. Қаскөйлер өздерін компания қызметкерлері немесе ойын әкімшілері ретінде таныстыра отырып, балаларға сыйақы беру сылтауымен банк карталарының деректемелерін (карта нөмірлері, CVV кодтары, сондай-ақ SMS кодтары) сұратады.
Осыған байланысты Қазақстан Ұлттық Банкі ата-аналарға балалармен жеке ақпаратты, банк карталарының деректерін, растау кодтарын үшінші тұлғаларға беруге жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынады, бұл ретте интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында балалардың мобильді құрылғыларында ата-ана бақылауын орнату ұсынылады.
Сонымен қатар, Ұлттық Банк азаматтарды сақ болуға және құпия ақпаратты бермеуге, күдікті хабарламаларға жауап бермеуге, сондай-ақ келіп түскен сұратулардың дұрыстығын міндетті түрде қайта тексеруге шақырады.
Бұдан бөлек, күмәнді сілтемелерге өтуден, белгісіз файлдарды ашудан және HopToDesk, RustDesk, RUDesktop, AnyDesk, TeamViewer немесе соларға ұқсас бағдарламалар сияқты қашықтан кіру бағдарламаларын орнатудан аулақ болу керек.
Қазақстан Ұлттық Банкі жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейтінін, азаматтарға кредит берумен айналыспайтынын, заңгерлік қызмет көрсетпейтінін, сондай-ақ халықпен ақшалай есеп айырысу жүргізбейтінін естеріңізге саламыз.
Үшінші тұлғалар тарапынан алаяқтық әрекеттерді болдырмау үшін мемлекеттік органдардың немесе Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметкерлері болып қоңырау шалған адаммен арадағы әңгімені дереу тоқтатып, қажет болған жағдайда мемлекеттік органның ресми нөміріне алаяқтық әрекет туралы өз бетінше хабарлауды ұсынады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.05.2025, 14:19 30236
Ақмола облысында есірткі зертханасын жою кезінде қару мен 150 келі химиялық прекурсорлар тәркіленді
Ақмола облысы прокуратурасының бастамашылығымен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ағымдағы жылдың 27 мамырда Полиция департаментімен ситетикалық есірткі дайындайтын зертхана анықталды, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Тінту барысында шамамен 200 грамм синтетикалық есірткі, 150 килограмм химиялық прекурсорлар, тыйым салынған заттарды дайындауға арналған әртүрлі зертханалық жабдықтар, 9 млн теңгеден астам қаражат, сондай-ақ 2 бірлік қару тәркіленді.
42 жастағы ұйымдастырушы мен оның сыбайласы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тәркіленген заттар бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.
Аталған факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-1-бабы 3-бөлігімен, яғни аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз дайындау, қайта өңдеу, өндіру және сату бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Көрсетілген баптың санкциясы мүлікті тәркілеумен бірге 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.
Қылмыстық істі тергеу барысы бақылауға алынды, жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.05.2025, 10:11 31211
Қостанай облысыда заңсыз микроқаржылық қызмет фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізілуде
ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті заңсыз микроқаржылық қызмет фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Күдікті алты жыл бойы тиісті лицензиясыз, "OLX" және "Instagram" мобильді қосымшалары арқылы пайызымен қарыз берумен айналысқан.
Заңсыз әрекеттер заңды түрінде көрсетіліп, онда нақты берілген сомадан әлдеқайда жоғары сандар көрсетілген. Өйткені оған жылдық 100%-ға дейін алдын ала есептелген сыйақылар енгізілген.
Қарыздың қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында қарыз алушылардың мүлкі кепілдікке қойылған.
🖊 Аталған схема бойынша күдікті жалпы сомасы 556 млн теңгеден асатын 72 мәміле жасаған.
Солардың бірі - Рудный қаласының зейнеткерімен жасалған келісім. Ол күдіктіден емделуге қажет деп 13,2 млн теңге көлемінде қарыз алғаны туралы келісімге отырған. Келісім шарттарына сәйкес, зейнеткер екі жыл бойы ай сайын 600 мың теңгеден төлеуге міндеттелген.
Алайда, іс жүзінде ол қолына тек 6 млн теңге ғана алған, ал қалған 7,2 млн теңге алдын ала есептелген пайыз ретінде көрсетілген. Қарызды қамтамасыз ету үшін ол өзінің жалғыз пәтерін кепілдікке қоюға мәжбүр болған.
Мұндай ауыр әрі әділетсіз талаптар азаматтар үшін үлкен қауіп тудырады, олар алдану арқылы өз мүлкінен айырылып қалу қаупіне ұшырайды.
🔨 Сот санкциясымен күдіктінің жалпы құны 154 млн теңге болатын мүлкіне тыйым салынды. Олардың ішінде 6 жеке тұрғын үй, 3 автокөлік ("TANK 500", "TOYOTA CAMRY", "MITSUBISHI FIGHTER") бар.
Тергеп-тексеру жұмыстары жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.05.2025, 10:08 31791
Жаңаөзен тұрғынынан 508 кг бекіре балығы тәркіленді
Жаңаөзенде жергілікті тұрғыннан бекіре балығы тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ІІМ "Заң мен Тәртіп" принципі бойынша жұмысты жалғастыруда. "Бекіре" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Маңғыстау облысының криминалдық полиция қызметкерлері Жаңаөзен қаласында сирек кездесетін балықтарды заңсыз сақтаған жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адамнан жарты тоннадан астам бекіре тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2025, 17:40 42601
Құны миллиард теңгелік алаяқтық ісі сотқа жолданды
Прокуратураның үйлестіруімен Алматы қаласының Полиция департаменті айыпталушы мен оның бөліске түскен 12 туыстарына қатысты аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Айыпталушы мессенджерлерде хат-алмасу чаты арқылы Қытайдың, Өзбекстанның және Ресейдің зауыттарымен тікелей жұмыс істейтінін, сондықтан оның ыдыс-аяқ, жиһаз және үйге арналған басқа да керек-жарақтар бағасы төмен екенін айтқан. Алайда іс жүзінде қылмыстық схеманы жасыру мақсатында Алматы базарларынан өзі шығынға ұшырай отырып тауар сатып алған.
Аталған шығындарды қатысушылар 6 айдан 12 айға дейін күттірте отырып көтерме тапсырыстармен өтеген.
Қатысушылар қымбат автокөліктерді, пәтерлерді, үйлерді, жерлерді, киімдерді, саяхаттарды сатып алуға, сондай-ақ букмекерлік кеңселерде ақша тігуге қаражат жұмсаған.
Тергеу барысында 34 автокөлік, 2 пәтер, 1 пентхаус, жер учаскесі бар 2 тұрғын үйге тыйым салынды.
Еліміз бойынша Алматыдан бастап Саран қаласына дейін 4,6 млрд теңге сомасына 290 адам қылмыстың құрбаны болып танылды.
Прокуратура қылмыстық істі сотқа жолдады.
ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2)-тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша қылмыстық жауаптылық 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Қала прокуратурасы азаматтарды ұқыпты болуға, күмәнді ұсыныстар мен мәмілелерге бармауға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2025, 11:07 43446
"Қазселденқорғау" ММ облыстық филиалының басшысы сотталды
Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау" ММ облыстық филиалының басшысы сотталды, деп хабарлайды Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласының № 2 сотымен "Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау" ММ облыстық филиалының басшысы С. Станбековке қатысты үкім жарияланды.
Ол қала тұрғынын филиалға жалған жұмысқа орналастыру арқылы 2,7 млн теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
28.05.2025, 17:30Жергілікті полиция қызметі таратылады 28.05.2025, 16:11 60781Алматы тағы да әлемдегі ең лас қалалардың қатарына енді26.05.2025, 11:33 55571Денсаулық сақтау министрлігі тегін берілетін дәрі-дәрмектердің тізімін жаңартты26.05.2025, 11:59 551862025 жылғы 1 мамырға 232 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді27.05.2025, 18:24 53251Астанада төрт қазақстандық кәмелетке толмаған баладан 20 млн теңге бопсалағаны үшін 10 жылға сотталды
08.05.2025, 14:24 150141Қазақстан Алматы-Қорғас автожолы туралы іс бойынша халықаралық сотта жеңіске жетті08.05.2025, 18:58 148601"Самұрық-Қазына" басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлинмен кездесті08.05.2025, 14:09 146806Ұлттық Банк Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мерейтойлық банкнот шығарады08.05.2025, 17:45 138421Астанада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады08.05.2025, 18:01 137291Қазақстан мен Ұлыбритания аграрлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуда