12.11.2023, 15:37 19226

«Қазспецэкспорт» басшысы қамауға алынды

Ол шамамен 1 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді
«Қазспецэкспорт» басшысы қамауға алынды
Сурет: Depositphotos
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А.Рамазановқа қатысты екі ай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, деп хабарлайды Kazinform соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге дерек жария етілмейді.

Сот хабарлағандай, Қаржы мониторингі агенттігі Бас әскери прокуратураның үйлестіруімен «Қазспецэкспорт» РМК лауазымды адамдары мен олардың қарамағындағы заңды тұлғалардың басшыларын ұстаған.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, олар мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау шеңберінде бағаны көтеру жолымен әскери және әскери-техникалық мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) сатып алу кезінде шамамен 1 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны