29.12.2023, 12:51 50711

БҚО-да әкімдік қызметкері 12 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған

Сот үкімімен әкімдік қызметкер 3 жылға бас бостандығынан айырылды
Прокурорлық тексеріспен БҚО Шағатай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы 2020 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде өзінің карточкалық шотына заңсыз аудару жолымен 12 млн.теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды, деп хабарлайды Gov.kz.

Бұл факт ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігі бойынша СДТБТ-не тіркеліп, кейіннен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшін Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданып, тергеу нәтижесі бойынша іс сотқа жолданды.

Сот үкімімен әкімдік қызметкер 3 жылға бас бостандығынан айырылып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде жазасын өтеу тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны