26.08.2024, 20:06 27971

БҚО полицейлері пәтер ұрысын құрықтады

БҚО полицейлері пәтер ұрысын құрықтады
БҚО полицейлері пәтер ұрлығын ашып, қаскүнемдерді ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

18 тамыз күні Орал қаласындағы ескі әуежай ауданында жеке үйлердің бірінде пәтер ұрлығы орын алған. Бұл кезде үй иелері үйде болмаған, олар қонақта болған.

Қылмыскерлер үйге терезе арқылы кіріп, 3 млн 200 мың теңге ақша, алтын бұйымдарды, ноутбук, сондай-ақ 1984 жылы туған үй иесіне тиесілі сейфте тұрған мылтықты ұрлап әкеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Бәйтерек ауданының бұрын пәтер ұрлығы үшін сотталған екі тұрғыны анықталып, ұсталды. Олар 2020 жылы Жұлдыз және Ескі әуежай шағын аудандарында эпизодтық пәтер ұрлығын жасағаны, бұл үшін сотталғандары анықталды.

Тінту кезінде ұрланған қару күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерінен табылды, олар оны үйдің ауласына көміп тастаған. Ноутбук күдіктінің әпкесінен, ал алтын жалатылған білезік алтын зергерлік бұйымдарды сатып алушыға тапсырылған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны