28.11.2023, 17:17 22351

Бағалы металдардың заңсыз айналымымен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Іс бойынша 5 адам күдікті деп танылып, оның 3 қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды
Ақмола облысының, Астана және Шымкент қалаларының аумағында бір топ тұлға аса ірі көлемдегі бағалы металдардың заңсыз айналымымен айналысқан, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.

Олардың қызметін аймақтық прокуратураның үйлестірумен ҚМА Ақмола облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері әшкереледі.

Алтынды заңсыз өндіру, сатып алу, өткізу мен одан есепке алынбаған зергерлік бұйымдарды жасау және оларды сату бойынша барлық схема анықталған.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін бес күдікті Бестөбе кентінде "қара іздеушілер" заңсыз өндірген және қайта өңдеген алтынды сатып алумен айналысқан.

Кейіннен алтын құймалары жолға қойылған арналар арқылы жеткізіліп, жерасты цехтарында белгілі сауда маркаларының есепке алынбаған зергерлік бұйымдары дайындалып, Астана мен Шымкент сауда үйлерінде сатылған.

Тінту барысында 35 млн теңгеден астам сомаға 99,5% алтын бар 1 килограмнан астам алтын құйма және сатуға дайындалған 335 зергерлік бұйымдар тәркіленді.

2021 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қазанға дейін күдіктілер арасындағы ақша айналымы 300 млн теңгеден асты.

Іс бойынша 5 адам күдікті деп танылып, оның 3 қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны