03.10.2024, 17:58 61326

Биыл білім беру саласында 7,3 млн қаражат жымқырылған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласында жымқыру фактілерінің алдын алу және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Бұл туралы агенттікітің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау барысында бюджет қаражатын жоспарлау және игеру кезеңдерінде педагогтердің еңбегіне ақы төлеу қорынан бюджет қаражатын жымқыру схемалары ашылды. Бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру процестерін автоматтандырудың, бұзушылықтарды бақылау және алдын алу тетіктерінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің біркелкі болмауына байланысты көптеген фактілер мүмкін болып отыр", - деп хабарлады агенттіктен.


Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою мақсатында Білім, Қаржы және Цифрлық даму министрліктерімен бірлесіп Жол картасы іске асырылып жатыр.

Кешенді жұмыс аясында бюджетті жоспарлау процесін цифрландыру үшін құқықтық жағдайлар жасалды.

Бірінші кезекте, "Бухгалтерлік операциялардың бірыңғай қоймасы" жобасы енгізілді, Ұлттық білім беру базасында мемлекеттік органдармен интеграцияланған "Педагог портфолиосы" электрондық модулі әзірленді.

Сондай-ақ сатып алынатын бухгалтерлік есеп жүйелеріне бірыңғай техникалық талаптар көзделген, тәуекелдерді басқару жүйелері және т. б. енгізілген.

Іске асырылған цифрлық шешімдердің арқасында өңірлік басқармалар мен білім бөлімдері ай сайын бухгалтерлік есеп және қазынашылық жүйелерінің есептерін салыстырып отырады. Бұдан басқа, мемлекеттік аудит органдары тарапынан жалақыны көтерумен бірге дербес және банктік деректерді бұрмалаумен ұштасқан педагогтердің еңбекақы төлеу қорынан күдікті төлемдердің қашықтықтан мониторингі енгізілді", - делінген хабарламада.


Қазір әрбір төлем операциясы өзінің электронды ізін қалдырады, бұл жымқыруды аналитикалық жолмен анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Агенттіктің бастамасы бойынша бюджеттік процестерді автоматтандыруға, қазынашылық жүйесін білім беру ұйымдарының бухгалтерлік есеп жүйелерімен интеграциялауға, төлем құжаттарына қол қою кезінде биометрияны енгізуге бағытталған цифрлық шешімдер енгізілді.

Бұл шаралар қаражаттың жұмсалуына тиімді бақылау орнатуға мүмкіндік береді.

Егер жоба енгізілгенге дейін былтырғы істер бойынша Антикор анықтаған залал миллиардтаған сомамен (17,3 млрд) өлшенсе, биылғы жылы жымқыру айтарлықтай азайтылды (7,3 млн).

Қазіргі уақытта Агенттік білім беру мекемелерінің қызметкерлері арасында қаржылық бұзушылықтардың алдын алуға және профилактикаға бағытталған түсіндіру іс-шараларын жүргізуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны