17.10.2024, 20:12 44456

"Chia Tai Tianging Pharmaceutical Group" қаржылық (инвестициялық) пирамидасына қатысты іс сотқа жолданды

Түркістан облысының прокуратурасы 2022-2023ж.ж. Төлеби ауданы аумағында орын алған "Chia Tai Tianging Pharmaceutical Group" қаржылық (инвестициялық) пирамидасының заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты ҚК 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен қылмыстық істі сотқа жолдады, деп хабарлайды Түркістан облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесімен қылмыстық іске 20 тұлғаның қатыстылығы анықталды. Олардың іс-әрекеті салдарынан 279 жәбірленушіге жалпы - 391,7 млн теңге материалдық залал келтірілген.

Тергеу барысында күдіктілердің қылмыстық жолмен табылған мүліктеріне тыйым салынды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны