10.04.2025, 16:18 52646

Дизель отынын ұрлаған машинистер сотталды

Дизельдік схема: машинистер жанармай ұрлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Қарағанды аудандық соты Қарағанды пайдалану локомотив депосының тепловоздарынан дизель жанар-жағар майын ұрлап, кейін оны қайта сатумен айналысқан 11 адамға қатысты үкім шығарды.

Сотта мемлекеттік айыптаушы 2024 жылдың мамыр айынан маусым айы аралығында қылмыскерлер алдын ала сөз байласу арқылы, қызметтік жағдайларын пайдалана отырып, заңсыз әрекет жасағандарын дәлелдеді. Олар жол жүру барысында 22,5 тоннадан астам дизель отынын ұрлап, 7 млн теңгеден астам шығын келтірген.

Сот оларды кінәлі деп танып, бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны