18.01.2024, 12:05 49231

Елордада жеке сот орындаушылар мүгедектердің төлемдерін заңсыз бұғаттап, оларды жәрдемақыларынан айырған

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жарты миллион теңгенің қаражаты қайтарылды
Елордада жеке сот орындаушылар мүгедектердің төлемдерін заңсыз бұғаттап, оларды жәрдемақыларынан айырған, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Астана қаласының прокуратурасы жеке сот орындаушыларымен мүгедек ретінде әлеуметтік жәрдемақы алушы 27 борышкердің банк шоттарына тыйым салынғанын анықтады.

Қазақстан Республикасының "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Заңына сәйкес, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке алуға арналған банк шоттарына тыйым салуға жол берілмейді.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жарты миллион теңгенің қаражаты қайтарылып, банк шоттарынан тыйым салуды алып тастау қамтамасыз етіліп, 27 тұлғаның 1,2 млн. теңге қаражатқа қол жеткізуіне мүмкіндік берілді.

Қазіргі уақытта қала прокуратурасы уәкілетті органмен бірлесіп, нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу мәселесін қарастыруда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны