12.08.2024, 14:38 39911

ХҚКО қызметкерлері Шымкенттегі жер учаскелері туралы деректерді заңсыз өзгерткен

ХҚКО қызметкерлері Шымкенттегі жер учаскелері туралы деректерді заңсыз өзгерткен
Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ жергілікті филиалының бұрынғы екі қызметкеріне қатысты үкімі өз күшіне енді, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінен.

Олар Қылмыстық кодекстің 206-бабының 3-бөлігінде және 190-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды, сондай-ақ коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан 5 жылға айырылды.

Тергеу барысында сотталған адамдардың Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде мәліметтерді өзгерту арқылы Шымкент қаласының жер телімдерінің шекарасын заңсыз көшіріп, өзгерткені анықталды.

Олардың қылмыстық әрекетінен мемлекетке келтірілген залал 50 млн. теңгеден астамды құрады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны