15.01.2024, 16:54 26581

Әкімдік Алматының индустриялық аймағында ондаған инвесторлардың газға қосылуына кедергі келтірген

Әкімдік Алматының индустриялық аймағында ондаған инвесторлардың газға қосылуына кедергі келтірген
Сурет: Depositphotos
Әкімдік Алматының индустриялық аймағында ондаған инвесторлардың газға қосылуына кедергі келтірген, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Қала прокуратурасының Фронт-офисі аумағында өткізілген кездесулер барысында 1,5 жыл бойы инвесторлардың газбен жабдықтау желілеріне қосыла алмағаны анықталды.

2022 жылы Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасымен индустриялық аймақта газбен жабдықтау үшін магистральдық инженерлік-көліктік желілерінің құрылысын жүргізген, оған бірқатар инвесторларды қосу жоспарланған.

Бірақ, әкімдік нысанның «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ теңгеріміне берілмегеніне сілтеме жасай отырып, газбен жабдықтау желілеріне қосудан бас тартқан.

Орын алған жағдай бойынша жүргізілген талдау нәтижесімен прокуратура қадағалау актісін енгізді, қарау нәтижесі бойынша аталған магистральға 124 млрд. теңгеден астам соммада инвестициялық жобаны іске асырудағы, 3314 жұмыс орнын құрайтын 26 инвестор қосылды, сонымен бірге, заңнама талаптарының бұзылуына жол бергені үшін Басқарма бастығының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны