23.11.2023, 16:08 29306

Латвия Республикасынан алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматы экстрадицияланды

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған
Бүгін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Бас прокуратураның және ІІМ Интерпол қызметкерлерімен қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін алаяқтық жасағаны үшін Латвия Республикасынан Қазақстанның азаматы экстрадицияланды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

2016 жылы күдікті, адам тобымен бірлесіп жәбірленушіге өздеріне тиесілі емес пәтерді сатқан. Сөйтіп сатып алушыға 12 млн. теңге көлемінде залал келтірген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған. Кейіннен ол Латвия аумағында ұсталды.

Қазіргі таңда ол Астананың тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны