17.04.2025, 10:44 41941
Ұлттық Банк жалған несиелік шоттарды пайдалану арқылы жасалатын жаңа алаяқтық схемалар туралы ескертеді
Қазақстан Ұлттық Банкі алаяқтардың ҚҰБ-тың ресми бланкісін қолданып, жалған құжат ұсынған жағдайлар жиілеп кеткенін ескертеді.
Ұлттық Банктің атынан байланысқа шыққанда олар азаматтарға "кредиттік шоты" барын немесе кредит қарызын өтеу керек екенін хабарлап, жалған хат жібереді.
Сенімге кіру үшін жалған құжаттарға Ұлттық Банктің "уәкілетті тұлғасы" қойған қолын, аты-жөні мен мөрін басады. Қаскөйлер мұндай жалған мәліметтерді азаматтарға ақша аудартып, қаражатын ұрлау үшін де ұсынады.
Сондай-ақ, олар Ұлттық Банк қызметкерінің бет-бейнесін қолдана отырып, жалған бейнероликтер жасау үшін жасанды интеллект технологияларын пайдаланады. Бұл ретте алаяқтар әлеуметтік желілерде жалған инвестициялық компаниялар туралы және ұрланған ақшаларды қайтару жөнінде тегін заңгерлік көмек көрсетеміз деп жарнама орналастырып жүр.
Осыған байланысты Ұлттық Банк азаматтарды қырағы болуға, күмәнді шоттарға ақша жібермеуге, дәйексіз хабарламалар мен тексерілмеген құжаттарға сенбеуге шақырады.
Ұлттық Банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін, азаматтарға кредит берумен айналыспайтынын, заңгерлік қызмет көрсетпейтінін, сондай-ақ халықпен ақшалай есеп айырысу жүргізбейтінін еске саламыз.
Қазақстан Ұлттық Банкі үшінші тұлғалар тарапынан жасалатын алаяқтық әрекеттерге жол бермес үшін мемлекеттік органдардың немесе Ұлттық Банк қызметкерлерінің атынан бейтаныс адам қоңырау шалған кезде әңгімені тоқтатып, қажет болған жағдайда мемлекеттік органның ресми нөміріне өз бетінше хабарласуды ұсынады.
Алаяқтық әрекетке тап болған жағдайда Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына хабарласу керек.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
12.05.2025, 18:09 5396
Алматыда полиция банктен ақша ұрламақ болған күдіктіні ұстады Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/almatyda-politsiya-bankten-aqsha-urlamaq-bolghan-kudiktini-ustady/
Алматыда полиция банктен ақша ұрламақ болған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматыда полицейлер екінші деңгейлі банк бөлімшесінен қолма-қол ақша ұрлау әрекетінің бетін ашты. Қылмыс түнде жасалған.
Белгісіз ер адам ғимаратқа терезе арқылы кіріп, одан кейін кассаға өтпек болғанымен, брондалған шыныдан өте алмаған. Бұл әрекеттің бекер екенін түсінген күдікті оқиға орнынан кетіп қалған", - деді, Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.
Криминалдық полиция басқармасы Жетісу аудандық полициясымен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қысқа мерзімде 32 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.
Аудандық жедел қызметкерлер мен біздің бөлімшенің қызметкерлерінің келісілген жұмысының арқасында ұрлық жасау әрекеті "ізін суытпай" ашылды. Бұл - профилактикалық бейнебақылаудың тиімділігінің және қызметкерлеріміздің жедел әрекет етуінің жарқын мысалы. Біз жаңа технологиялар мен цифрлық мүмкіндіктерді белсенді түрде қолданамыз. Күдікті өз кінәсін мойындады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2025, 17:22 6611
Денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін сотталған Ресейден экстрадицияланды
Денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін сотталған Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жеке адамға қарсы ауыр қылмыс жасағаны үшін сот үкімін орындау мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.
Аталған тұлға 2023 жылы Риддер қаласында алкогольдік ішімдік ішу барысында жәбірленушімен ауызша жанжал негізінде өзімен бірге болған жиналмалы пышағымен оның басы мен денесіне көптеген соққылар жасаған. Уақтылы көрсетілген медициналық көмекке байланысты жәбірленуші құтқарылды.
Сот үкімімен ол бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталып, алайда өзіне жүктелген міндеттерді орындамай, қылмыстық жазасын өтеуден жалтаруына байланысты халықаралық іздеуге жарияланды.
Өткен жылдың қыркүйегінде іздестірудегі Ресей Федерациясының Алтай өлкесінде ұсталып, кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта сотталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Енді ол екі жылдан астам мерзімге нақты бас бостандығынан айыру жазасын өтеуі керек.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2025, 14:36 5786
Екі адамды өлтіру дерегі бойынша қылмыстық тергеу аяқталды
Екі адамды өлтіру дерегі бойынша қылмыстық тергеу аяқталды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Заң және Тәртіп" идеологиясын жүзеге асыру аясында облыс прокуратурасымен Ақтөбе қаласының жер үйлерінің бірінде адамды бостандығынан заңсыз айыру және екі адамды өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.
Тергеу барысында күдікті өз танысымен жанжалдасып, кейін үйіне заңсыз кіріп, оның анасын және өгей әкесін өлтіргені, ал жәбірленушіні бостандығынан заңсыз айырып ұстағаны анықталды.
Арлан" арнайы бөлімшесінің жедел әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленуші босатылып, күдікті оқиға орнында ұсталды.
Облыс прокуратурасымен іс ерекше бақылауға алынып, процестік прокурорлар тобы тағайындалды.
Күдіктіге ҚК-тің 99-бабының 2-бөлігінің 1,3,5 тармақтары (екi немесе одан көп адамды өлтіру), 126-бабының 2-бөлігінің 3,4 тармақтары (өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану арқылы заңсыз бостандығынан айыру) және 107-бабының 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру), яғни екі немесе одан көп адамды аса қатыгездікпен өлтіру, сондай-ақ күш қолдану арқылы бостандығынан заңсыз айыру баптары бойынша айып тағылды.
Сотта мемлекеттік айыптауды процестік прокурор қолдайтын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2025, 14:01 6031

12.05.2025, 13:11 8741
Семей қаласында темекі өнімдерін ірі көлемде заңсыз айналымға түсірген трансұлттық топтың мүшелеріне қатысты айыптау үкімі шығарылды
Семей қаласында темекі өнімдерін ірі көлемде заңсыз айналымға түсірген трансұлттық топтың 3 мүшесіне қатысты айыптау үкімі шығарылды, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Тергеу ҚМА Абай облысы бойынша департаментімен жүргізілді.
Тергеу барысында 8 адам, оның ішінде 3 шетел азаматын қамтыған қылмыстық топтың Қырғызстаннан жалған құжаттар арқылы 9,3 млн қорап темекіні заңсыз кіргізгені анықталды.
Темекі өнімдері Алматы, Жамбыл, Павлодар және Түркістан облыстарының аумағында сатылған. Сонымен қатар, қылмыскерлер тауардың бір бөлігін Ресейге шығармақ болған.
Барлық заңсыз өнім айналымнан алынып, төленбеген акциз сомасы 2,6 млрд теңгені құрады.
Мүлікті тәркілеу мақсатында 9 автокөлік пен жеке тұрғын үйге тыйым салынды.
Сонымен қатар, тергеу барысында сот қылмыстық жолмен алынған мүлікті алдын ала тәркілеу туралы өтініштерді қанағаттандырды: 157 мың АҚШ доллары көлеміндегі қолма-қол ақша және құны 840 мың теңге тұратын "777" VIP автонөмір тәркіленді.
Сот үкімімен Д.Бекешев, Д.Сатыбалдиев, Д.Султанов ҚР ҚК 264-бабының 2-бөлігі (трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысу), 214-бабының 2-бөлігі 1) және 3) тармақтары (заңсыз кәсіпкерлік) бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді және 166 млн теңге тұратын барлық тәркіленген мүлікті мемлекет меншігіне алынды.
Қалған 5 қатысушыға халықаралық іздеу жарияланған. Олардың бірі Ресей Федерациясы аумағында ұсталып, оны экстрадициялау туралы өтініш тиісті органдарға жолданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2025, 09:53 9101
4 айда шамамен 3,5 тонна есірткі заттары тәркіленді
Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидаты бойынша есірткі қылмысына қарсы күресті жалғастыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Төрт айда үш мыңға жуық есірткі құқық бұзушылығы анықталды. Оның ішінде 828 сату фактісі бар. Заңсыз айналымнан шамамен 3,5 тонна есірткі тәркіленді: 259 кг синтетика, екі тоннаға жуық марихуана, 303 кг гашиш. 83 есірткі зертханасы жойылды. Алты тоннаға жуық прекурсор тәркіленді. 20 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Заңсыз контенті бар 11 мыңнан астам сайт, сондай-ақ 1 млрд теңгеден астам сомаға 12 мың банк картасы мен шот бұғатталды. 1783 адам ұсталды, оның 669-ы қамауға алынды", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.
Спикердің сөзінше, сәуір айында бірқатар сәтті операция жүргізілді. Қосшы қаласында Ақмола облысының тумасы ұсталды.
Оның автокөлігінен 6,5 кг a-рvр синтетикалық есірткісі тәркіленді. Одан кейін жүргізілген іс-шаралар барысында басқа да күдіктілер - Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары ұсталды. Олардан тағы бір килограмм синтетика тәркіленді. Астана қаласында Ақтөбе тұрғыны ұсталды. Одан 2,5 кг синтетикалық есірткі тәркіленді.
Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда", - деді Данияр Мейірхан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2025, 14:17 39571
Ақтөбе облысындағы қаржы пирамидасынан 100-ден астам адам зардап шеккен
Harmony Rider Technology" (HRT) инвестициялық жоба ретінде жасырылған қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Ақтөбе облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Өзін электросамокаттарды жалға берумен айналысатын америкалық компания ретінде таныстырған бұл ұйым азаматтарға күн сайын 12-ден 690 АҚШ долларына дейін табыс табуды уәде еткен.
Сондай-ақ, жаңа инвесторларды тартқаны үшін криптовалюта түрінде бонустар ұсынылған. Алайда іс жүзінде төлемдер жаңа салымшылардың қаражатынан жүзеге асырылып отырған, бұл қаржы пирамидасының айқын белгілерін көрсетеді.
Алаяқтық схема салдарынан 100-ден астам адам зардап шекті. Тартылған қаражаттың жалпы сомасы 197 млн теңгені құрады. Ұрланған ақша криптовалюта әмияндарына, содан кейін жеке банк шоттарына аударылған.
Қылмыстық іс аясында 70 млн теңгеден астам сомаға мүлікке тыйым салынды. Тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.
Ақтөбе облысының прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және күмәнді кәсіпорындарға қаражат салмауға шақырады.
Аталған компанияларды ресми "Baiqa, piramida!" Telegram-боты арқылы тексеруге болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.05.2025, 10:36 57371
ҰҚК терроризмді насихаттады және діни алауыздық тудырды деген күдіктілерді ұстады
2025 жылғы сәуірде ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен Астана қаласы, Абай, Ақтөбе және Түркістан облыстарындағы діни радикалдардың әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ҰҚК-нің баспасөз қызметінен.
Терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздырды, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы деген күдікпен 4 қазақстандық ұсталды, олардың біреуі бұрын соттылы болған.
Тұрғын үйлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер алынды.
Қылмыстық кодекстің 174 және 256-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бұдан бөлек, ҰҚК бұрын тергеген қылмыстық істер бойынша сот Ақтөбе, Қарағанды және Түркістан облыстарының 3 тұрғынына қатысты айыптау үкімдерін шығарды.
Сотталғандар әлеуметтік желіде және айналасында терроризм мен діни экстремизм идеологиясын таратқан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
12.05.2025, 11:06Павлодар облысының экожүйесін сақтауға Ертіс өзені арқылы 6,3 млрд текше метрден астам су жіберілді 12.05.2025, 17:03 9956Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан теміржолшылары жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуды талқылады12.05.2025, 09:53 86864 айда шамамен 3,5 тонна есірткі заттары тәркіленді12.05.2025, 13:11 8326Семей қаласында темекі өнімдерін ірі көлемде заңсыз айналымға түсірген трансұлттық топтың мүшелеріне қатысты айыптау үкімі шығарылды12.05.2025, 10:46 6281Биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 6%-ды құрады
08.05.2025, 14:09 130131Ұлттық Банк Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мерейтойлық банкнот шығарады08.05.2025, 14:24 129276Қазақстан Алматы-Қорғас автожолы туралы іс бойынша халықаралық сотта жеңіске жетті08.05.2025, 11:47 124841Президент "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойды08.05.2025, 13:41 118996ҰОС ардагерлеріне Жеңіс күніне біржолғы материалдық көмек түрінде 545 млн теңге төленді08.05.2025, 17:45 118766Астанада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады
18.04.2025, 07:08 1626262025 жылдың сәуір айының 15-ші жұлдызында "Almaty Theatre" концерт залында "Көкіл" мектебінің 30 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті18.04.2025, 12:56 160226Алматыда "Ялян", "Алатау", "Сәлем" және "Байсат" базарларында 100-ден астам стихиялық сауда нүктелері жойылды17.04.2025, 13:37 149956Алматыда жасыл желектерге биологиялық өңдеу жүргізіледі30.04.2025, 16:47 133401Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына құттықтау жолдады30.04.2025, 17:03 132671Арнаулы мемлекеттік қордан Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлік амбулатория салуға қаражат бөлінді