24.04.2025, 10:09 69586
ҚМА Қостанай облысында заңсыз микроқаржы қызметін тоқтатты
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті заңсыз микрокаржылық қызметін атқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.
Күдікті 2020 жылдан бастап тиісті лицензиясыз азаматтарға пайызбен және мүлік кепілдігімен "OLX" пен "Instagram" мобилді қосымшалары арқылы қарыз берген.
Келісімшарт жасасу кезінде несиелік мәмілені заңды етіп көрсету үшін ол қарыз сомасын шын мәніндегі сомадан әлдеқайда көп етіп көрсеткен. Себебі бұл сомаға жылдық 100%-ға дейін баратын алдын ала есептелген сыйақылар енгізілген.
Осылайша күдікті жалпы көлемі 100 млн теңгеден астам қаражатты қарызға берген.
Айта кету керек, оның заңсыз әрекеттерінің салдарынан қарапайым азаматтардың құқықтары мен мүдделері бұзылған. Олар қарыз алудың тиімсіз, ауыр шарттарының құрбанына айналған.
Жедел қаржылық көмек іздеген олар жоғары пайыздық мөлшердер мен мүлкінен айырылу қаупі бар қаржылық тұзаққа түсткен.
Заңсыз жолмен алынған табыстың көзін жасыру үшін күдікті таныс бухгалтерді тартқан. Бірігіп, олар ақшаны жылыстатудың схемасын жасап, табысты көлік жөндеу қызметімен айналысатын кәсіпорынның заңды кірісі ретінде көрсеткен.
Ол үшін күдікті жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, шын мәнінде жұмыс істемейтін көлік жөндеу станциясының атынан фискалдық чектер шығарып отырған.
Нәтижесінде, күдікті заңсыз қызметінен түскен 60,6 млн теңгеден астам кірісті заңдастырған.
Соттың санкциясымен тәркілеу мақсатында оның пәтеріне және банктік шоттарындағы 28 млн теңге сомасындағы қаражатына тыйым салынды.
Тергеу жұмыстары жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
27.06.2025, 09:41 2276
Жетісу облысында 700 тоннадан астам түсті металды шетелге шығармақ болғандар ұсталды
Жетісу облысында 700 тоннадан астам түсті металды шетелге шығармақ болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Металл сынығының кейбір түрлерін экспорттауға қолданыстағы мораторийге қарамастан, оларды шекарадан контрабандалық жолмен шығаруға әрекеттер жасалып жатыр.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде, Жетісу облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратурамен бірлесіп, рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген компанияның заңсыз қызметінің жолын кесті. Аталған компания түсті металдарды заңсыз қабылдап, өңдеуді ұйымдастырып, ілеспе құжаттарға жалған мәліметтер енгізу арқылы оларды бірнеше рет ел аумағынан тысқары шығаруға тырысқан.
Кәсіпорын аумағында жүргізілген тінту шаралары барысында шетелге жөнелтуге дайындалған 600 тоннадан астам қорғасын және 100 тоннадан астам алюминий құймалары, сондай-ақ түсті металл сынығы тәркіленді.
Металл балқытуға арналған жасырын цех пен оның құрамын алдын ала зерттеуге арналған зертхана жойылды. Бұдан бөлек, нысан аумағында заңсыз еңбек еткен, көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азаматтар ұсталып, олар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылуда.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, қылмыстық схеманың түпкі бенефициарлары анықталуда. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.06.2025, 14:21 8796
Екібастұз қаласында құны 100 млн теңгеден асып жығылатын электронды тұтыну жүйелері (вейптер) тәркіленді
Жедел-іздестіру шаралары барысында қойма мен сату нүктелері анықталды
Екібастұз қаласында , оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз айналымға шығарумен айналысқан топты анықтады, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Тыйым салынған өнімдер Telegram мессенджеріндегі "VAPE SHOP MAXI MALL" арнасы арқылы сатылып, курьерлік жеткізу арқылы жіберіліп отырған.
Нәтижесінде 5 600-ден астам вейп пен олардың бөліктері тәркіленді. Аталған өнімдер сатылғанда қылмыстық табыс 100 млн теңгеден асатын еді.
Жедел-іздестіру шаралары барысында қойма мен сату нүктелері анықталды.
Ерекше назар аударатын жайт - бұл өнімдер кәмелетке толмағандар, соның ішінде мектеп оқушылары арасында кеңінен таралған. Заңсыз бизнесті ұйымдастырушылар электронды темекілерді жасөспірімдерге сатып, олардың денсаулығына қауіп төндірген.
Тергеу амалдары жалғасуда.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
2025 жылдың басынан бері Агенттікпен вейптердің заңсыз айналымына қатысты 32 дерек тіркелді, 440 мыңнан астам бұйым тәркіленіп, жойылды.
Айта кету керек, вейп қолдану денсаулыққа елеулі қауіп төндіреді, өйткені олардың құрамындағы заттар жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйелеріне кері әсер етіп, инсульт, инфаркт және басқа да аурулардың даму қаупін арттырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.06.2025, 09:17 9161
Семейде бұзақы көлік жүргізу кезінде автобус жүргізушісіне қол жұмсаған
Автобустағы бұзақылық: полиция қатаң шара қабылдады, деп хабарлайды Абай облысының полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Семей қаласының 45 жастағы тұрғыны, қоғамдық көлік жүргізушісіне қозғалыс кезінде қол көтерген азамат анықталып, учаскелік полиция пунктіне жеткізілді.
Бұзақыны жеткізу сәті бейнежазбаға түсірілген. Ол агрессивті мінез-құлық танытып, жолаушылардың өміріне қауіп төндірген және қоғамдық тәртіпті бұзған.
Аталған факт бойынша "Бұзақылық" бабы аясында іс қозғалды. Материалдар жақын күндері сотқа жолданады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.06.2025, 14:55 13646
Петропавл тұрғыны жалған инвестиция салдарынан 19 млн теңгесін жоғалтқан
Петропавл тұрғыны 19 миллион теңгесін алаяқтарға аударып жіберген, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер ақшаны көбейту, инвестиция және тез табыс табуды уәде ететін өзге де интернет-алаяқтық схемаларының қауіпті екенін еске салады. Әлеуметтік желілерде жеңіл жолмен табыс табу туралы жарнамалар жиі кездеседі. Жарнамадағы сілтемеге өткен соң, алаяқтар WhatsApp арқылы хабарласып, өздерін инвестициялық немесе кеңес беру компаниясының қызметкерлері ретінде таныстырып, "болашағы зор биржалық мәмілелерге" ақша салуды ұсынады.
Жәбірленуші арнайы интернет-ресурста тіркеліп, "жеке кабинетіндегі" өсіп жатқан табыстарды көріп отырады. Шын мәнінде бұл сандардың ешқандай маңызы жоқ, алайда кей адамдардың құмарлығы оларды ірі көлемде ақша салуға итермелейді.
Олар үлкен несие алады, таныстарынан қарыз сұрайды. Осылайша, Петропавл тұрғыны биржалық ойындарға 19 миллион теңге аударған. Доллармен есептелген табысы үнемі өсіп отырған, бірақ ол ақшасын алмақ болғанда, алаяқтар байланысқа шықпай қойған.
Бес ай ішінде осындай схемаларға қатысты 27 солтүстікқазақстандық киберқылмыстың құрбаны болды.
Полицейлер интернет пен әлеуметтік желі қолданушыларының "жеңіл табыс табу" туралы уәделеріне сенбеуге және бейтаныс адамдарға ақша аудармауға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.06.2025, 11:43 22981
Қазақстанда биыл терроризмді насихаттағаны үшін 50-ден астам адам сотталды
Қазақстанда биыл терроризмді насихаттағаны үшін 50-ден астам адам сотталды, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қала тұрғыны материалдық пайда және заңсыз жолмен баю мақсатында "Бинго" ойынын заңсыз "Instagram" әлеуметтік желісінде тікелей эфирде жүргізген.
Ойын шарттарына сәйкес, тікелей эфирде бәс тігу сомалары әртүрлі ақшалай қаражатты құрап, қатысушылардың арасынан жеңімпазды анықтап, оған ұтысты телефон номері арқылы жолдаған.
Қылмыстық әрекеттің нәтижесінде 90,6 млн теңге табыс тапқан.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсі туралы сотқа жеткілікті дәлелдемелер ұсынды.
Сот үкімімен оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.06.2025, 13:08 29116
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет іздеуде жүрген тұлғадан құны 2,3 млрд теңгеден астам мүлкін тәркіледі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет іздеуде жүрген тұлғадан құны 2,3 млрд теңгеден астам мүлкін тәркіледі, деп хабарлайды Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында активтерді қайтару және келтірілген залалды өтеу бойынша жұмысты жалғастыруда.
Оны іске асырудың бір тәсілі заңсыз жолмен алынған мүлікті сотқа дейін тәркілеу болып табылады. Ол халықаралық іздестіруге жарияланған не оларға қатысты рақымшылық жасау актісінің салдарынан, ескіру мерзімінің өтуіне немесе қайтыс болуына байланысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарға қолданылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қабылдаған шаралардың нәтижесінде 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген және ақшаны заңдастыруға қатысы бар деп күдікке ілінген тұлғаның ақшалай қаражаты мен мүліктік активтерінің қылмыстық жолмен алынғаны дәлелденді.
Ол жылжымалы және жылжымайтын мүліктің қымбат нысандарын, оның ішінде жұбайына ресімделген нысандарды сатып алу үшін шамамен 1,5 млрд теңге заңға қайшы ақшаны пайдаланған. Олардың қатарына Алматы қаласы мен Алматы облысындағы люкс автомобиль, пәтер, жер учаскелері, тұрғын үйлер мен құрылыстар жатады.
Қаржылық тергеу қосымша 1,7 млн АҚШ долларын (872 млн теңгеден астам) және Қазақстанның екінші деңгейдегі банктеріндегі айыпталушы мен оның жұбайының шоттарында 47 млн теңге анықтады. Олар қылмыс жасау кезеңінде алынған және олардың ресми табыстарына сәйкес келмейді.
Ағымдағы жылғы 16 маусымдағы сот қаулысымен ақшалай қаражат пен мүліктік объектілер мемлекет кірісіне тәркіленді.
Жалпы, жыл басынан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) фактілері бойынша отызға жуық қылмыстық істі тергеуді бастады. Істің бір бөлігі сотқа жіберіліп, айыптау үкімі шығарылды.
Заңға қайшы табыстар туыстарының, аффилиирленген компаниялардың атынан заңды операциялар ретінде бүркемеленетін, қымбат мүлікті, криптовалюталарды, бағалы қағаздарды, оның ішінде инвестициялық құралдарды қолдана отырып сатып алуда пайдаланылатын жағдайларға ерекше назар аударылады.
Мысалы, спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатынан 745 млн теңгеден астам соманы жымқыру фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатқан бұрынғы лауазымды адамның қаржылық ағындарына жүргізілген талдау нәтижесінде, оның қылмыстық жолмен алынған қаражатқа екі қымбат автокөлік сатып алғаны және 240 млн теңгеденастам соманы жоғары табыс алу мақсатында өзі бақылауындағы компанияның шотына аударғаны анықталды.
Тағы бір жағдай, күдіктілер жеке кәсіпкер болып табылатын туыстары арқылы инфрақұрылымдық, қала құрылысы жобаларын іске асыруға бюджеттен бөлінген 237 млн теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, олардан пәтерлер, автокөліктер және басқа да мүліктер сатып алған.
Соттың санкциясымен мүліктік объектілерге тыйым салынды.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге деақпарат жария етілуге жатпайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.06.2025, 19:05 60346
Алаяқтар қазақстандықтарды алдау үшін дипфейктерді қолданып жатыр
Алаяқтар қазақстандықтарды алдау үшін дипфейктерді қолданып жатыр, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
Алаяқтар өзін Ұлттық Банктің, мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарының қызметкеріміз деп таныстырып, сіздің қаражатыңызды ұрлауға тырысады.
Банк күмәнді шоттарға ақша аудармаңыз, күдікті хабарламаларға сенбеуге шақырады.
Ұлттық Банк:
- жеке шоттар жүргізбейді,
- инвестициялық қорларға немесе қаржы өнімдеріне инвестиция салуға шақырмайды.
Күмәнді қоңырау түссе, әңгімені тоқтатып, ақпаратты банк немесе ұйымның ресми нөмірі арқылы өзіңіз тексергеніңіз жөн. Алаяқтарға тап болсаңыз, құқық қорғау органдарына жүгініңіз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.06.2025, 13:04 65721
ШҚО мемлекет қатысатын үлесті заңсыз иеліктен шығару фактісі бойынша тергеуді аяқталды
ШҚО мемлекет қатысатын үлесті заңсыз иеліктен шығару фактісі бойынша тергеуді аяқталды, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті - елдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Университет металлургия, машина жасау, энергетика, медициналық техника және басқа да салалар үшін мамандар даярлаумен айналысады. Оның құрамында 17 ғылыми орталық, зертхана және ғылыми-өндірістік алаң жұмыс істейді.
Алайда, 2018-2020 жылдары университеттің бұрынғы басшылығы "Технопарк "Алтай" ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 78% мемлекеттік мажоритарлық үлесті заңсыз түрде жекеменшікке өткізген.
Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау аясында университетке жалпы құны 1,5 млрд теңге болатын "Технопарк "Алтай" ЖШС-дегі 100% үлес, 8 мың шаршы метрлік ғимарат пен 1,3 га жер телімі қайтарылды.
Қайтарылған активтер зертханалық және оқу базаларын орналастыруға, сондай-ақ травматология, ортопедия және онкологиялық протездеуге арналған медициналық өнімдер шығаратын инновациялық кластерді дамытуға пайдаланылатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
27.06.2025, 09:32Қостанай облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар үшін 1 млрд теңге бөлінді 27.06.2025, 11:45 11996Қаржы министрлігі қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейтеді27.06.2025, 11:48 11566Алматы әкімі Hyundai Trans Auto зауытының жұмысымен танысты27.06.2025, 11:50 11301Мария Мудряк Қытайда өнер көрсетеді27.06.2025, 09:41 2126Жетісу облысында 700 тоннадан астам түсті металды шетелге шығармақ болғандар ұсталды
20.06.2025, 14:52 97551Қазақстанда әйелдер кеңесі қайта пайда болады20.06.2025, 12:43 94471Түркістан облысында суармалы судың тапшылығын шешу үшін жаңа су қоймалары салынуда20.06.2025, 12:52 93776Air Astana Атыраудан Дубайға қатынайтын рейстерді уақытша тоқтатты20.06.2025, 13:00 93546Жасанды интеллект тергеушілерге көмектеседі: ІІМ пилоттық жобаны іске қосты20.06.2025, 10:47 92606Премьер-министр вегетациялық кезеңде су тәуекелдерін басқару жөніндегі өңірлік штабтар құруды тапсырды
02.06.2025, 17:03 155321Алматыда "Алма-Арасан" бұлағына бару уақытша шектеледі04.06.2025, 14:09 149956Құрбан айттағы ХҚКО мен арнайы ХҚКО жұмыс кестесі белгілі болды05.06.2025, 17:53 134681Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 37,3 млрд АҚШ долларына жетті03.06.2025, 14:47 134456Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды05.06.2025, 17:14 133916Қазақстан Бахрейнге әуе қатынасы ашты