07.04.2025, 18:27 45426

Маңғыстау облысындағы балабақша директоры мен бухгалтері 12 млн теңге жымқырған

Бейнеу ауданының прокуратурасы тексеріс барысында "Куйкен" балабақшасында қаржылық саласында заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Маңғыстау облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Мекеме директоры мен есепшісі ата-аналармен төленген қаражатты -өздерінің жеке шоттарына заңсыз аударып, мемлекетке 12 млн теңгеден астам шығын келтіргені белгілі болды.

Аталған факті бойынша прокурорлар ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сот үкімімен директор кінәлі деп танылып, заңсыз иемденген қаражат соммасының 10 еселенген мөлшерінде айыппұл салынды.

Есепші 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.

Келтірілген залал толық көлемде өтелді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны