11.10.2024, 17:20 30096

Оралда электронды темекі сатушыға айыппұлсалынды

Оралда электронды темекі сатушыға айыппұлсалынды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Тыйым салынғанына қарамастан, қалада электронды тұтыну жүйелерінің (вейптердің) айналымы фактілері орын алуда.

Орал қаласы тұрғынының Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-1-бабымен (Шегілмейтін темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы) көзделген қылмысты жасаудағы кінәсі толық дәлелденді.

Осылайша, қала тұрғыны электронды темекіні сатумен айналысқан және вейптерді сатуға тыйым салатын заң күшіне енгеннен кейін сатылмай қалып қойған электронды темекілерді "Telegram" мессенджеріндегі топ арқылы сатқан.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 227 вейптің қалдықтары тәркіленді.

Орал қалалық сотының үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, 73 840 теңге айыппұл салынды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы тұрғындардың назарын вейптерді сату және тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынына аударады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны