26.09.2024, 13:59 26766

Қостанай облысының балабақшаларында тамақ бағасы негізсіз көтерілген

Қостанай облысының балабақшаларында тамақ бағасы негізсіз көтерілген
Қостанай облысы Қарабалық ауданының прокуратурасы қадағалау қызметі барысында бөбек жайларда тамақтану бағаларын негізсіз қолдану фактілерін анықтады, деп хабарлайды Қостанай облысының прокуратурасынан.

Атап айтқанда, балабақшаларда ата-аналық төлем мөлшерін қалыптастыру кезінде жекелеген азық-түлік өнімдерінің бағалары жоғары бағамен ескерілген, ал жекелеген өнімдер мүлдем сатып алынбаған.

Қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар жойылып, бағалар өзгертілді, балабақшалардағы тамақтану құны 2 мың теңгеге төмендетіліп, 309 ата-ананың құқықтары қорғалды.

 


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны