11.12.2023, 17:14 34256

Қостанайда кафеде болған жанжал бойынша полиция екі қылмыстық іс қозғады

Жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, жауап алынды
Қостанайда кафеде болған жанжал бойынша полиция екі қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 желтоқсанда “102” пультіне облыс орталығының ойын-сауық орындарының біріне келуші мен пульттік күзет қызметкерінің арасында жанжал болғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Іс жүргізу барысында полицейлер кешкі сағат 21:00 шамасында аталған мекемеге жеті адамның келгенін және олардың үшеуі мас күйде болғанын анықтады. Кейбір адамдар агрессивті түрде әрекет еткендіктен, мекеме әкімшісі оларға қызмет көрсетуден бас тартқан. Алайда қонақтар мекемеден кетпеген. Осыдан кейін кафе қызметкерлері пульттік күзетті шақырған. Келген күзетшілер мен келушілердің бірі арасында ауызша қақтығыс болып артынша 33 жастағы ер адам күзетшілердің біріне дене жарақатын салып, оның қаруын иемденбек болған. Қайта тырысқанда, күзетші ұсақ бытырамен жабдықталған қызметтік карабиннен аяғына оқ атқан.

Осы дерекке сәйкес ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі бойынша (Бұзақылық), сондай-ақ ҚР ҚК-нің 252-бабы 2-бөлігі (Жеке күзет қызметтері қызметкерлерінің өкілеттіктерін асыра пайдалану) бойынша сотқа дейінгі екі тергеу басталды.

Жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, жауап алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны