19.09.2024, 14:29 21476

Павлодарда колледж студенті оқытушыға пышақпен шабуыл жасады

Павлодар облысының Білім беру басқармасы ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Павлодар колледжінің 2007 жылғы студенті Павлов көшесіндегі үйдің ауласында педагогті жарақаттағаны туралы хабарлайды.

Колледж әкімшілігі бекітілген алгоритмге сәйкес шараларды ұйымдастырды.

Педагогке медициналық көмек көрсетілді, қазіргі уақытта жағдайы тұрақты.

Болған оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталды. Жағдайды анықтау үшін студент полиция қызметкерлерімен қамауға алынды.

Білім басқармасы білім беру ұйымдарының басшыларымен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кезектен тыс кеңес өткізді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны