08.01.2024, 17:11 23071

Павлодарлық кәсіпкерлер 90 млн. теңгеге шығынға ұшырады

Білім басқармасы бюджеттік өтінімдерді жасау барысында бір реттік мектептегі тамақтану құнының есебіне қосымша құн салығы ставкасын (12%) назарға алмағаны анықталды
Павлодарлық кәсіпкерлер 90 млн. теңгеге шығынға ұшырады, деп хабарлайды Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Павлодар облысының прокуратурасы мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі шарттардың орындалуына талдау жүргізді.

Оның нәтижелері тамақтану сомаларын есептеу Кәсіпкерлік кодекстің, тамақтануды ұйымдастыру ережелерінің, салық және бюджет заңнамасының талаптарын бұза отырып жүргізілгенін көрсетті.

Білім басқармасы бюджеттік өтінімдерді жасау барысында бір реттік мектептегі тамақтану құнының есебіне қосымша құн салығы ставкасын (12%) назарға алмағаны анықталды.

Тамақтануды ұйымдастырғаны үшін төлем салықты шегере отырып жүргізілген, яғни бір оқушыға 450 теңгенің орнына 402 теңге төлеген.

Аталған мән-жайлар қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын 33 шаруашылық субъектінің құқықтарының бұзылуына әкеп соқтырды.

Қадағалау актісі бойынша бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру практикасы қайта қаралды. Кәсіпкерлерге 90 млн. теңге көлемінде негізсіз ұсталған ҚҚС сомасы төленді. ​

Жіберілген бұзушылықтар үшін облыстың білім беру басқармасы басшысының орынбасары тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны