28.04.2025, 14:05 48341

Прокурорлар 7 мың қорап пиротехникалы бұйымдарды тәркіледі

Прокурорлар 7 мың қорап пиротехникалы бұйымдардың тәркіленуін қамтамасыз етті, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

2024 жылдың желтоқсан айында "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Қарасай ауданында орналасқан қоймалардың бірінен тиісті рұқсат құжаттарынсыз заңсыз сақталған 7 мың қорап пиротехникалық бұйымдарды анықтады.

Анықталған құқық бұзушылықтарға қарамастан, сот қойма иесіне қатысты әкімшілік істі заңсыз түрде тоқтатып, тәркіленген пиротехникалық өнімдерді қайтару туралы шешім қабылдаған.

Аталған сот шешімімен келіспеген Қарасай ауданының прокуратурасы апелляциялық тәртіппен шағым түсірді.

Апелляциялық қарау нәтижесінде бірінші сатыдағы соттың қаулысы күшін жойып, құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Нәтижесінде жалпы құны 1 млрд теңгеден асатын 7 мың қорап пиротехникалық бұйым мемлекет пайдасына тәркіленді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны