20.12.2023, 11:03 27081

"QazHome" тұтыну кооперативінің атын жамылып қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар бас бостандығынан айырылды

Әрқайсысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды
Атырауда "QazHome" тұтыну кооперативінің атын жамылып қаржы пирамидасын ұйымдастырған қала тұрғындары нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.

Аталған тұлғалардың заңсыз әрекеттерін ҚМА Атырау облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері әшкереледі.

Ұйымдастырушылар азаматтарға жылжымайтын мүлік береміз деген желеумен қаржы пирамидасына ақша салу ұсынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында кооперативтің қызметіне 300-ге жуық салымшы тартылған, оның ішінде тек 35 адам ғана өтініш беріп, бұл өтініштер бойынша келтірілген шығын көлемі 49 млн теңгеден асатыны анықталды.

Сот үкімімен "QazHome" тұтыну кооперативінің басшылары кінәлі деп танылып, әрқайсысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны