18.01.2024, 12:24 53921

"Qnet" қаржы пирамидасының филиалын ұйымдастырушы Ақтөбе облысында сотталды

Қылмыстық жолмен алынған құны 286 млн теңге болатын мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді
"Qnet" қаржы пирамидасының филиалын ұйымдастырушы Ақтөбе облысында сотталды
Сурет: Depositphotos

Qnet" қаржы пирамидасының филиалын ұйымдастырушы Ақтөбе облысында сотталды, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.


Еске салайық, қаржы (инвестициялық) пирамидасын аса ірі мөлшерде ақша немесе өзге де мүлікті тарта отырып ұйымдастыру және қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру фактісі бойынша істі ҚМА Ақтөбе облысы бойынша Департаменті тергеп-тексерген болатын.

Г.Жумагазина 2019 жылғы қаңтар мен 2022 жылғы маусым аралығында Ақтөбе және Хромтау қалаларында қызметі бірқатар шет елдерде қаржы пирамидасы деп танылған, заңды желілік маркетинг ретінде жасырылған Qnet халықаралық компаниясының құрылымдық бөлімшесінің тәуелсіз өкілі ретінде тіркеліп, басқарғаны анықталды.

Қаржылық мониторинг органдарына 25 азамат шағымданып, оларға келтірілген шығын 37,5 млн теңгеге жуық соманы құрап отыр.

Г.Жумагазина 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Кәмелетке толмаған баланы ескере отырып, жазаны өтеу 5 жылға кейінге шегерілді.

Қылмыстық жолмен алынған құны 286 млн теңге болатын мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны