03.04.2025, 16:37 62361

СҚО-да ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жобасы бойынша 611 млн теңге көлемінде заң бұзушылықтар анықталды

2025 жылдың бірінші тоқсанында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың негізділігі мәселесі бойынша 6,6 млрд.теңге сомасында аудиторлық іс-шара өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің баспасөз қызметінен.

Бұл қаражат ауылдық елді мекендерде 38 алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектісін (АМСК) салуға бағытталған, оның ішінде: 16 фельдшерлік-акушерлік пункт және 22 медициналық пункт.

Өткізілген аудиторлық іс-шарада жалпы сомасы 611,3 млн.теңгеге 32 АМСК объектісі бойынша орындалмаған жұмыс көлемі бөлігінде қаржылық бұзушылықтар анықталды, олар медициналық жабдықтардың, бейнебақылау және телефондандыру жүйелерінің, сондай-ақ орындалған жұмыстар актілері бойынша төленген жылыту жүйесіне жиынтықтаушылардың болмауында көрініс тапты.

Бұдан басқа, аудиторлық іс-шара аяқталған сәтте 2024 жылғы 18 желтоқсанда жоспарланған мерзімде 4 АМСК объектісі пайдалануға берілмеді.

Бұдан басқа, жалпы сомасы 3,6 млн.теңгені құрайтын 21 құрылыс объектісі бойынша шарттық міндеттемелерді уақтылы орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбының сомасын толық көлемде ұсынбаған рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Қабылданған шаралармен 611,3 млн. теңге жұмыстарды орындау және жабдықтарды жеткізу жолымен қалпына келтірілді, есептелген тұрақсыздық айыбының сомасы бюджетке толық көлемде өндірілді. Жол берілген бұзушылықтар үшін басқарма басшысының м.а. жалпы сомасы 235,92 мың теңгеге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. аудит объектісінің 1 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны