28.12.2023, 15:29 54776

Семей тұрғынынан Сақ дәуірінің зергерлік бұйымдары тәркіленді

Жалпы салмағы 79 гр. 4 алтын әшекей тәркіленді
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен тарихи құндылыққа жататын бағалы бұйымдардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Kazinform ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Тінту барысында аң стилінде орындалған Сақ дәуіріне жататын жалпы салмағы 79 гр. 4 алтын әшекей тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 193-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, бірқатар сараптама тағайындалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны