08.12.2023, 17:05 48401

ШҚО Экология департаментінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Ол жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлік субъектілерінен бірнеше рет пара алды деп айыпталуда
Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Департаментімен өзара іс-қимыл негізінде өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша облыстың Экология департаментінің басшысын әшкереледі, деп хабарлайды Gov.kz.

Ол қатты пайдалы қазбаларды барлау кезінде қоршаған ортаға эмиссиялауға рұқсат еткені және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлік субъектілерінен бірнеше рет пара алу бойынша күдікті.

Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны