03.10.2024, 17:52 60326

Шымкентте "Пайызсыз баспана" қаржылық пирамидасын ұйымдастырушылары сотталды

Шымкентте "Пайызсыз баспана" қаржылық пирамидасын ұйымдастырушылары сотталды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен қаржылық пирамида құру және оған басшылық етумен "Пайызсыз Баспана" тұрғын үй ұйымының басшысы мен қызметкерлері 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Сот талқылауы барысында сотталушылар Шымкент, Алматы, Астана қалаларында 2019-2021 жылдары аралығында "Инстаграм" әлеуметтік желісі арқылы ақша салымшыларды тартып, төмен бағамен баспана ұсынуға уәде берген.

Қылмыстық схемаға сәйкес бұдан әрі салымшылардың қаражатына өздерінің қажеттілігі үшін жылжымалы және жылжымайтын мүліктер алғандары анықталды, 134 жәбірленушіге 171 млн теңгеден астамкөлемде залал келтірілген.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Шымкент қаласының тұрғандары және қонақтарының назарына қандай да бір тұрғын үй ұйымына жарна және қаржылық пирамидағаақша салу ұсынылған жағдайда сақ болуларыңызды сұраймыз.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны