24.11.2023, 13:33 27306

Шымкентте психикалық ауытқуы бар азамат сәбиді 4 қабаттан лақтырып жіберді

Қазіргі таңда бүлдіршіннің жағдайы ауыр
Шымкентте психикалық ауытқуы бар азамат сәбиді 4 қабаттан лақтырып жіберді
Сурет: Otyrar
Шымкентте 1 жасар 11 айлық баланы туысы терезеден лақтырып жіберген. Қазіргі таңда бүлдіршіннің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Otyrar телеарнасынан.

Қалалық ТЖД мәліметінше, оқиға 23 қарашада кешкі уақытта Ғ.Иляев көшесі бойындағы 4 қабатты көппәтерлі тұрғын үйде болған. Бұл туралы төтеншеліктерге "103" жедел жәрдем қызметіндегілер хабарлаған. Бала 4-қабаттың терезесінен құлаған.

2021 жылы дүниеге келген бүлдіршін дереу ауруханаға жатқызылған. Қазіргі таңда жағдайы ауыр. Оқиғаның мән-жайын Полиция департаментінің қызметкерлері анықтауда.

Қалалық Полиция департаментіндегілердің хабарлауынша, жергілікті тұрғын психоневрологиялық диспансерде есепте тұратын інісі ұлын 4-қабаттағы пәтердің терезесінен лақтырып жібергенін айтқан. Оқиға орнына шұғыл полиция қызметкерлері мен прокурорлар жеткен.

Аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3 бөлігі - 99 бабы (Адам өлтіруге оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 40 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны