25.04.2025, 12:50 75296
Өскеменде халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат қолға түсті
Өскеменде халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат қолға түсті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
2025 жылдың сәуір айында Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Өскемен қаласының қонақүйлерінің бірінде шетел азаматы ұсталды.
Белгілі болғандай, 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап аталған азамат аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде жүрген.
Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.
Сонымен қатар оны іздестіруді бастаған елге экстрадициялауды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
16.07.2025, 13:46 3956
Қарағандыда ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті ұсталды
Қарағанды облысында өзін банк қызметкері ретінде таныстырған әйел 200 миллион теңгеге жуық қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы 31 жастағы әйелге қатысты аса ірі көлемдегі алаяқтық фактілері бойынша тергеуді аяқтап жатыр.
Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті бір жарым жыл бойы өзін Ұлттық банктің қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарға несиелерін мерзімінен бұрын жабуға көмектесемін деп уәде берген.
Алайда бұл уәделердің астарында алаяқтық схема тұрғаны анықталды. Әйел адам тұрғындардың сеніміне кіріп, жалған қызмет ұсыну арқылы олардың атынан екінші деңгейлі банктерден бірнеше несие рәсімдеген. Нәтижесінде 98 эпизод бойынша алаяқтық дерегі тіркеліп, келтірілген жалпы шығын көлемі 200 миллион теңгеден асып кеткен. Жедел-тергеу тобының үйлесімді жұмысы нәтижесінде бұлтартпас айғақтар жиналып, қазіргі таңда қылмыстық іс сотқа жолдануға дайындалуда. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үй қамақ түрі таңдалған.
Полиция азаматтарға келесідей ескертулерді ұсынады:
- Қаржы қызметтері бойынша ұсыныстар түскен жағдайда, ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеріңіздер;
- Өзін банк не өзге қаржы ұйымының өкілі ретінде таныстыратын тұлғаларға сақтықпен қараңыздар;
- Алдын ала төлем талап ететін қызметтерге сенбеңіздер;
- Күмәнді жағдайлар туындаса, бірден полицияға жүгініңіздер.
Тәртіп сақшылары алаяқтықтың алдын алу азаматтардың өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы мен құқық қорғау органдарымен бірлесіп әрекет етуіне тікелей байланысты екенін ескертеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.07.2025, 13:16 4301
Өскемен әуежайының лауазымды тұлғалары аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемденді деген күдікке ілінді
ҚМА ШҚО бойынша департаменті Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен "Өскемен әуежайы" АҚ басшылығына қатысты қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану, аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру фактілері бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Бес жыл бойы акционерлік қоғамның бұрынғы президенті мен өзге де лауазымды тұлғалары еңбекақыны негізсіз көбейту, жалған сыйақылар мен жалған шарттар жасау арқылы жүйелі түрде ақша жымқырған. Жымқырылған қаражат кейін касса арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған.
Қоғамға тиесілі көлік құралдары бухгалтерлік есептен шығарылып, нарықтағы құнынан бірнеше есе төмен бағамен сенімді тұлғаларға сатылған.
Сонымен қатар, қоғамның коммерциялық нысандары жеңілдетілген шарттармен жалға берілгені анықталды: яғни, жалдау ақысы төмендетіліп, нақты жалға берілген аумақ азайтылып көрсетілген.
Мемлекетке келтірілген жалпы залал 157 млн теңгені құрады.
Сот санкциясымен күдіктілердің 126 млн теңге көлеміндегі мүлкіне (4 пәтер, жер учаскесі және 2 автокөлік) тыйым салынды.
Күдіктілер қамауға алынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.07.2025, 18:01 10246
Жұмыссыздар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар атына автонесиелер рәсімдеген қылмыстық топ әшкереленді
Жұмыссыздар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар атына автонесиелер рәсімдеген қылмыстық топ әшкереленді, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қылмыстық қудалау органы жұмыссыздар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қатысты алаяқтық жасаған қылмыстық топтың әрекетін әшкерелеп, жолын кесті.
Тергеу барысында қаскүнемдер азаматтарды көндіру арқылы екінші деңгейлі банктерде жоқ автокөліктерге заңсыз автонесиелер рәсімдегені анықталды. Олардың әрекетінен 65 адам зардап шеккен, келтірілген залалдың жалпы сомасы 250 млн теңгеден асты.
Алаяқтар алынған қаражатты жеке мақсаттарына жұмсаған. Қылмыстық топтың әрекеттерінің салдарынан жәбірленушілер кредиттік міндеттемелер бойынша қарыз болып қалған.
Кінәлі адамдарға қатысты ҚК-нің 262-бабы (ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және басқару, сол сияқты оларға қатысу) және 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, күдіктілер қамауға алынды.
Тергеу нәтижесінде іс сотқа жолданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.07.2025, 14:03 10011
Ақмола облысында бұрынғы есепші аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін сотталды
Жарқайын ауданы прокуратурасымен "Аудандық мәдениет үйі" МКҚК-ның қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізілген тексеру барысында аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
2025 жылғы 13 маусымда Жарқайың аудандық сотының үкімімен кәсіпорнының бұрынғы есепшісі аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлағаны үшін орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 6 жыл бас бостандығынан айрылып, 7 жыл мерзімге мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда материалдық жауапкершілігі бар лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Сот тергеуі кезінде сотталушы өз қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ұзақ уақыт бойы мекеменің ақшалай қаражатын жүйелі түрде жымқырғаны белгілі болды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 30 млн теңгеден асты.
Сот мекеменің азаматтық талабын да қарап, келтірілген шығынды толық өтеу жөнінде шешім шығарды.
Жарқайың аудандық прокуратурасы мемлекет пен қоғам мүддесін қорғау бойынша жүйелі жұмысын жалғастырып, жасалған қылмыстар үшін жаза сөзсіз болуын қамтамасыз етуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.07.2025, 12:23 46881
Алматылық азамат елорда әуежайында полицейлерге қорқыту мен балағат сөздер айтқаны үшін сотталды
Елорда әуежайында Алматы тұрғыны ұшаққа кешігіп келіп, агрессивті мінез көрсетіп, әуежай аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынудан бас тартқан, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Тергеу барысында ер адамның полицейлердің талаптарын елемей, оларға балағат сөздер айтып, денсаулыққа зиян келтірумен ашық қорқытқаны анықталды. Оның әрекеті билік өкілдеріне қарсы қылмыс ретінде бағаланды.
Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы кінәні дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар ұсынды. Істі қарау нәтижесінде сот ер адамды кінәлі деп танып, 1 жыл 1 ай мерзімге бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.07.2025, 12:02 47286
Құны 1,2 млн теңгелік төсек: Қызылорда облысында жұқпалы аурулар ауруханасының есепшісі қаржы жымқырды деген күдікке ілінді
Аурухананың бас есепшісі медициналық кереуеттердің сатып алу бағасын үш есеге көтеру арқылы мемлекет қаржысын жымқырған, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Қаржылық мониторинг агенттігі Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен "Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасы" ШЖҚ МКК-ның лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады
Жоғары бағаны көздеген күдікті, жұбайы дайындаған жалған баға ұсыныстарын қолданаған.
Өткізілген тендердің нәтижесінде ЖШС мен аурухана арасында жалпы құны 259 млн теңгеге 220 медициналық кереует сатып алуға шарт жасалған.
Бір кереуеттің бағасы 1,2 миллион теңге деп көрсетілген.
Бірақ шын мәнінде оның нақты сатып алу бағасы 460 мың теңгеден аспаған, яғни көрсетілген бағадан үш есе арзан болған.
Осылайша, негізсіз қосылған шығын көлемі 129 млн теңгені құрады.
Тергеу барысында күдіктілердің 111 млн теңге тұратын мүлкіне тыйым салынды.
Мемлекетке келтірілген 129 млн теңге көлеміндегі залал толық көлемде өтелді.
Бас есепші 2 ай мерзімге қамауға алынды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.07.2025, 10:55 47546
Қылмыстық топ басшысы А.Жұмагелдиевтің сыбайласы Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды
Қылмыстық топ басшысы А.Жұмагелдиевтің сыбайласы Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің қолдауымен Дубай қаласынан А.Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының сыбайласы экстрадицияланды.
Ол 2022 жылғы 5-7 қаңтар аралығында Алматы қаласында Жұмагелдиевтің бандалық құрамында жаппай тәртіпсіздіктерге белсене қатысқан деген күдікке ілінді.
Қылмыстар жасалғаннан кейін күдікті жасырынған және шамамен үш жыл бойы халықаралық іздеуде болған, кейіннен Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталған.
Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.
Оған тағылған қылмыстар бойынша он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.07.2025, 16:57 54896
Заңсыз құрылысқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды
Заңсыз құрылысқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Елорда прокуратурасының үйлестіруімен үлестік құрылысқа азаматтардан қаражатты заңсыз тарту фактісі бойынша тергеу аяқталды.
400-ден астам отбасының мүддесіне 4,6 млрд теңге көлемінде аса ірі залал келтірген бір топ адамдарға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.
Тергеу барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар тиісті рұқсатсыз және заң талаптарын бұза отырып, үш тұрғын үй кешенін салуға азаматтардан қаражат тартқаны анықталды.
Алынған қаражат мақсатсыз жұмсалып, нысандардың құрылысы мүлде жүргізілмеген.
Елорда прокуратурасы азаматтарды пәтер сатып алмас бұрын үлескерлерден қаражат тартуға рұқсаттың бар-жоғын мұқият тексеруге шақырады. Бұл алаяқтықтан сақтануға және құқықтарыңызды қорғауға көмектеседі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
16.07.2025, 10:10Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы тағайындалды 16.07.2025, 10:14 17216Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы тағайындалды16.07.2025, 13:20 16971Тоқаев Президенттің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілін қабылдады16.07.2025, 13:26 6631Қазақстан астық экспортын 58 пайызға арттырды16.07.2025, 13:35 6301Қазақстан мен Қытай Ақтөбе облысында карбамид өндіретін зауытты іске қосады
10.07.2025, 17:09 99581Алматыда алаяқтықтың алдын алу туралы меморандумдарға қол қойылды10.07.2025, 17:04 95806Ақтөбе облысында жетім балалар тұрғын үйге кезекке қойылды11.07.2025, 09:44 85626Үкімет Ақтау жылу желілерін қайта жаңартуға 3,6 млрд теңге бөлді11.07.2025, 11:59 85496Тоқаев Моңғолия Президентін Наадам мерекесімен құттықтады11.07.2025, 12:08 85331Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚХР-ның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті
04.07.2025, 19:14 138686Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады04.07.2025, 19:03 138506Жол-құрылыс материалдары мен технологияларының бірыңғай базасы заңнама деңгейінде бекітілді03.07.2025, 13:43 136381"СҚ-Фармация" ЖШС жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды03.07.2025, 18:14 129931Тоқаев транзиттік дәліздердің өткізу қабілетін кеңейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды03.07.2025, 18:11 127776Степногорск қаласының жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен 2,7 млрд теңге бөлінді