16.09.2024, 15:16 13461

Степногорск қаласында мемлекеттік мекеменің бухгалтері 40 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді

Степногорск қаласында мемлекеттік мекеменің бухгалтері 40 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді
Степногорск қаласында мемлекеттік мекеменің бухгалтері 40 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Қала прокуратурасы мемлекеттік мекеме бухгалтерінің қаражатты ұрлау фактісін анықтады.

Бухгалтер екі жыл бойы депозиттік шоттың ақшалай қаражатын мақсатсыз жұмсаған және мемлекеттік сатып алудың қатысушы болып табылмайтын тұлғаға заңсыз аударған.

Негізсіз аударылған қаражат сомасы 40 млн теңгені құрады, істің қатысушылары ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа берілді.

 


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны