04.01.2024, 11:04 20521

"Свой дом" қаржы пирамидасын құрған тұлғалар бас бостандығынан айырылды

Салымшыларға келтірілген шығын көлемі 49 млн теңгені құрайды
"Свой дом" қаржы пирамидасын құрған тұлғалар бас бостандығынан айырылды
Сурет: Depositphotos.jpg

Свой дом" қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Шымкент қ. бойынша департаменті аяқтады, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.


Тергеу барысында салымшылардың баюы басқалардың жарналары есебінен жүзеге асырылатын қаражат жинау схемасы анықталды.

Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары инвесторларға енгізілген сомадан 40% пайда алуға уәде берді.

Қылмыстық іс бойынша екі адам күдікті деп танылды, салымшыларға келтірілген шығын көлемі 49 млн теңгені құрайды.

Сот үкімімен бұл тұлғалар кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны