27.11.2023, 13:20 19181

Сырдария өзенінің арнасын тазартуға қатысты орын алған заң бұзушылықтар анықталды

Сырдария өзенінің арнасын тазартуға қатысты орын алған заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.

Агенттік қабылдаған шаралардың нәтижесінде тиімсіз жобалар бойынша 5,1 млрд теңгеге қаржыландыруға жол берілмеді.

Қызылордада Сырдария өзенінің арнасын тазартуға 5 млрд теңге қарастырылған болатын. Алайда, жобаның сапасыз жоспарлануына байланысты, тазалау жұмыстарынан кейін қатты ағын мен желдің әсерінен өзен арнасы қайтадан ластанып, толып қалған. ҚМА өңірлік Департаментінің қызметкерлері қабылдаған шараларынан кейін әкімдік 3,7 млрд теңге көлемінде игерілмеген қаражатты басқа әлеуметтік мақсаттарға бағыттады.

Сондай-ақ, Көкшетау қаласының Станционный кентінде 1,4 млрд теңгеге 160 орындық мәдениет үйін салу жоспарланған болатын. Жобаның бастапқы құны 910 млн теңгені құраған, ал басқа елді мекендерде осыған ұқсас объектілердің құны айтарлықтай төмен болған.

Осыған байланысты Көкшетау қаласының әкімдігі шартты бұзу бойынша жұмыс жүргізуде, үнемделген қаражат есебінен басқа да әлеуметтік маңызы бар жобалар қаржыландырылатын болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны