09.01.2024, 13:10 27141

Тіптен кәмелетке толмағандар да ойнаған: Алматы облысында заңсыз онлайн-казино анықталды

2023 жылдың өзінде-ақ онлайн-казино айналымы шамамен 4 млрд теңгені құраған
Тіптен кәмелетке толмағандар да ойнаған: Алматы облысында заңсыз онлайн-казино анықталды
Сурет: Depositphotos
ҚМА Алматы облысы бойынша Департаменті Қазақстан, ТМД және алыс шет ел аумағында жұмыс істеген "1WIN" онлайн-казиносының заңсыз қызметіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.

Онлайн-платформа заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен қатар, мыңдаған отандастарымызды тартып, тиісті лицензиясыз букмекерлік қызмет көрсеткен.

Ақшалай қаражат интернет-эквайринг арқылы аутентификациясыз қабылданған, бұл тіпті кәмелетке толмағандарға да құмар ойындарға қатысуға мүмкіндік берді.

2023 жылдың өзінде-ақ онлайн-казино айналымы шамамен 4 млрд теңгені құраған.

Тергеу жалғасуда, онлайн-казино сайты бұғатталды, төрт ұйымдастырушы халықаралық іздеуге жарияланды. Тәркіленуге жататын мүлікке және жалпы сомасы 1,5 млрд теңге ақшалай қаражатқа тыйым салынды, сондай-ақ "Mercedes-Maybach S500" және "Lamborghini Huracan" автокөліктері тәркіленді.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес елде онлайн-казино қызметіне тыйым салынғанын, ал букмекерлік қызметтер тиісті лицензия болған жағдайда ғана көрсетілетінін ескертеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны