12.11.2023, 15:29 18026

Қуандық Бишімбаев сот санкциясымен екі айға қамауға алынды

Күдікті қалалық полиция департаментінің УҰИ-на қамауға алынды
Қуандық Бишімбаев сот санкциясымен екі айға қамауға алынды
Сурет: primeminister.kz
2023 жылғы 11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті К.Бишимбаевты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, деп хабарлайды Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметінен.

Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Естеріңізге сала кетсек, 9 қарашада Астанадағы Бау мейрамханасында 20:30 шамасында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жығып, салдарынан әйелі жедел жәрдем келгенше жан тапсырған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны